«ПМХЗ-2017: үлкен өзгерістер жылы» атты корпоративтік фильмі Павлодар мұнайхимия зауытының қызметі туралы және кәсіпорын дамуының жаңа тарихи кезеңіне көшуі - ауқымды модернизациялау жобасының аяқталуы туралы әңгімелейді.
Фильм «ПМХЗ» ЖШС тапсырысы бойынша және Павлодар МХЗ-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі жұмыскерлерінің тікелей қатысуымен павлодарлық «Ключ» телекомпаниясы 2017 жылғы тамызда түсірді.
Мұнай өңдеушілердің кәсіби мерекесі қарсаңында - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні фильмнің алғашқы көрсетілімі болды (сіз
https://www.pnhz.kz/press_center/videogallery/#prettyPhoto/7/ сілтемесін басып көре аласыз).
ПМХЗ-ның баспасөз қызметі алғаш рет ірі көлемдегі конкурсқа қатысып, үздік үштікке кірді. Сонымен қатар, бұл - ТМД-ның барлық елдерінен жүздеген конкурсанттар арасында марапаттарға ие болған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының алғашқы корпоративтік фильмі.
Жүлделі орындар қалай бөлінетіні 1 желтоқсанда, Ресей Федерациясының астанасы - Мәскеу қаласында өтетін жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты »ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі