ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
07.08.2025
41 просмотров
ПМХЗ-да компрессорлық қондырғылар машинистері арасында «Үздік маман» байқауы өтті Жуырда «Үздік маман» байқауының финалдық кезеңінің нәтижелері жарияланды. Байқаудың алғашқы кезеңі 2025 жылдың 23 мамырында бу-ауамен жабдықтау цехында өтті. Практикалық тапсырма барысында қатысушылар поршеньді компрессорды жұмысқа дайындап, оны нақты әрекет жоспары бойынша іске қосты.
Байқау шарттарына сәйкес машинистер компрессормен жұмыс істей алу қабілетін көрсету керек болды. Олар өрт қауіпсіздігі жабдықтарының болуы мен жарамдылығын тексеріп, компрессор мен оның іргетасын бөгде заттардың жоқтығына қарап, өлшеуіш құралдарының дұрыстығын және компрессор бөліктерінің өзара қосылыстары мен құбырлардың беріктігіне көз жеткізді.

Байқаудың екінші кезеңінің практикалық бөлімі 2025 жылдың 28 мамырында бу-ауамен жабдықтау цехының компрессорлық станция ғимаратында өтті. Бұл жолғы тапсырмада қатысушыларға арнайы қорғаныс құралын — газтұмшаны пайдалана отырып, компрессорды жөндеуге шығару және жөндеуден кейін қайта іске қосу үшін қысым құбырына тығын орнатып, қайта алу тапсырмасы берілді.

Теориялық және екі практикалық кезеңнің қорытындысы бойынша, бірінші орынды Мұнайды терең өңдеу өндірісінің (МТӨӨ) компрессорлық қондырғылар машинисі Максим Витальевич Быченко иеленді.

Екінші орын осы өндірістің (МТӨӨ) машинисі Бауыржан Сәкенұлы Искаковқа бұйырды.

Ал үшінші орынды Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің (МБӨӨ) өкілі, машинист Мират Еділұлы Исмухаметов жеңіп алды.

Айта кететіні, ПМХЗ-да «Үздік маман» байқауы жалғасуда. Бұл бастаманың басты мақсаты – өз ісінің шеберлерін анықтап, оларды қолдау, жас мамандарды тәрбиелеу және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс  жасау бөлімі
Фото: Вадим Бердников және Екатерина Лобашевская

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться