Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокорпорациясы «Павлодар: өңір тынысы» атты деректі фильм түсіруде. Бұл жоба Мемлекет басшысының «Қуатты өңірлер – қуатты ел» тапсырмасын ақпараттық сүйемелдеу аясында жүзеге асырылып жатыр. Фильмге қатысушылардың бірі – Павлодар мұнай-химия зауыты.
Туындыда өндіріс, энергетика және тау-кен өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін Павлодар облысының ірі кәсіпорындары туралы баяндалады. Сондай-ақ бұл салаларда енгізіліп жатқан инновациялар мен олардың өңір экономикасына қосып жатқан үлесі туралы да сөз етіледі. Осы тұрғыда ПМХЗ жобаның негізгі қатысушыларының бірі ретінде қатыстырылды.
Зауытқа арнайы келген түсірілім тобы өндіріс процесінің ерекшелігімен танысып, кәсіпорынның екі маманымен сұхбаттасты.
ПМХЗ атынан жобада жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының басшысы Әлібек Қожасов және жөндеу-механикалық цехтың басшысы Жасұлан Айдарғалин ақпаратпен бөлісті.
«Павлодар: өңір тынысы» деректі фильмі қазан айында Jibek Joly TV телеарнасында жарыққа шықпақ.