ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
12.08.2025
2 просмотров
Энергетика вице-министрі ПМХЗ-ға жұмыс сапарымен келді 2025 жылы 26 шілдеде ПМХЗ басшылығы мен ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовпен кездесу өткізді. Мемлекет қызметшісі өндіріс ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, зауыттың әлеуетін өз көзімен көрді.


Сапар барысында қонаққа кәсіпорынның жүрегі саналатын негізгі технологиялық қондырғылар көрсетіліп, болашаққа бағдарланған жоспарлар мен даму бағыттары баяндалды. Вице-министр мұнайдың алғашқы өңдеу қондырғылары, каталитикалық крекинг және гидротазалау бөлімдері, сондай-ақ өндірістік үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмысымен танысты.

Одан бөлек, көшпелі кеңес өткізіліп, саладағы өзекті мәселелер мен жұмыс барысы талқыланды. Әлібек Жамауов ел ішінде көмірсутек шикізатын қайта өңдеу тізбегінің тиімділігін арттыру – уақыт талабы екенін атап өтіп, мұнай өңдеу мен мұнайхимия саласының өзара ынтымақтастығы отандық өнеркәсіптің дамуына серпін беретінін ерекше айтты.

Бүгінде ПМХЗ қалыпты технологиялық ырғақта жұмыс істеп тұр. Айта кетсек, 17 шілдеде кәсіпорын 30 күнге созылған жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын ойдағыдай аяқтаған болатын.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться