Форумның негізгі мақсаты – жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, кәсіби даму келешігін насихаттау және жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Форумның алғашқы күнінде ПМХЗ-ға жастар ұйымдарының өкілдері, елдің әр түкпірінен келген жас мамандар қонақ болды. Зияткерлер өндіріс үдерістерімен, зауыттың заманауи жабдықтарымен танысып, кәсіпорынның тәжірибелі мамандарымен пікір алмасты.
Мұнай өңдеу саласының мамандары қонақтарға зауыт аймағында жан-жақты экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында терең мұнай өңдеу өндірісінің компрессорлық қондырғылары, MEROX ғимараты, Орталық басқару пульты, битум өндіру қондырғысының П-1 пеші және баяу кокстеу қондырғысы көрсетілді.
ПМХЗ мұражайында жастарға кәсіпорынның даму тарихы мен ел экономикасына қосқан ерекше үлесі туралы қызықты мәліметтер берілді.
Бағдарламаның келесі кезеңінде зауыт жастары – жұмысшы мамандықтар өкілдерімен кездесу өткізді. +
«Сұрақ-жауап» интерактивті сессиясында қонақтар мұнай өңдеу саласында жоғары біліктілікке қол жеткізген жас мамандарға қызықты сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Оларға мансаптық өсу мүмкіндіктері, өндірістегі қолайлы еңбек жағдайлары және кәсіпорын үшін аса қажетті мамандықтар туралы «ашық диалог» форматында толық ақпарат берілді.
Кейін Достық үйінде Республикалық форумның ресми ашылу салтанатында мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс әкімдігінің, мәслихаттың және өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің өкілдері қызықты баяндамалармен шықты.
Шараның соңында үздік жас маман марапатталды. Жүлдеге 5-разрядтық компрессорлық қондырғы машинисі Мират Исмухаметов ие болды. ПМХЗ өкілі ретінде «Мұнай өндеуші» жергілікті кәсіподақ» ұйымының төрағасы М.С. Хамитов құттықтау сөздерін айтты.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко