Есепті кездесуге зауыттың барлық құрылымдық бөлімшелерінен еңбек ұжымының 100-ден астам өкілі: басшылар, инженерлік-техникалық жұмыскерлер, мамандар және қызметшілер, аутсорсингтік компаниялардың өкілдері қатысты.
«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов өз баяндамасында кәсіпорын қызметінің негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ өндірістік, инвестициялық және басқа бағдарламалардың орындалуына баса назар аударды. Баяндаушы 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы мұнайды өңдеу және тауар өнімін шығаруда кәсіпорын оң динамика көрсеткенін хабарлады. Қарастырылып отырған кезеңде зауыт 4 746 923 тонна шикі мұнай өңдеді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 157 000 тоннаға артық. Дегенмен ҚР Энергетика министрлігі 2017 жылға бекіткен өндірістік бағдарламаны ПМХЗ 100%-ға орындай алмады. Зауыт 43 000 тонна мұнайды кем өңдеді (жоспар – 4 790 000 тонна шикізат). Бұл сутек өндіру қондырғысының (СӨҚ) жұмысы уақытша тоқтауына байланысты болды.
Оспанбек Әлсейітов 2017 жыл зауыт үшін қиындыққа толы жыл болғанын атап айтты. Кәсіпорын ауқымды жаңғырту және өндірісті қайта жаңарту жұмыстарын аяқтады, осы жұмыстар барысында ПМХЗ көптеген проблемаларға тап болды: орындау мерзімінің қысқалығы, құрал-жабдықтарды уақытылы жеткізбеу, кейбір мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды адал орындамауы. Бірақ барлық қиындықтарға төтеп беріп, серіктестік өз міндеттерін абыроймен орындай алды.
Қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту жұмыстары да аяқталды. Ол мұнайды бастапқы өңдеу кешенінің (МБӨК) нафтаны, дизель отынын және керосинді гидротазарту қондырғылары, бұл қондырғыларды жаңарту кәсіпорынға К4 өнімін шығаруды бастауға мүмкіндік берді. Мұнайды терең өңдеу кешенінде (МТӨК) каталитикалық крекинг қондырғысының реакторлық-регенераторлық блогі қайта жаңартылды, соның нәтижесінде гидротазартылған вакуум газойлын өндіру қуаты жылына 1 350 мың тоннадан жылына 1868 мын тоннаға дейін өсті. Кәсіпорын газойлден бензинің, дизель отынының және сұйылтылған газдың қосымша көлемдерін алады, осылай ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісін бес пайызға арттырады: 2017 жылғы 62,2%-дан 2018 жылы 67,2%-ға дейін артады деп күтілуде.
Өткен жылы кәсіпорын өз тарихындағы ең ұзақ күрделі жөндеу жүргізді, ол жұмыстардың қорытындысы бойынша зауыт үш жылдық жөндеу аралық циклге көшті. Сонғы он жылда «ПМХЗ» ЖШС жөндеулерге және өндірісті қайта жаңартуға өз қаражатынан 141 млрд теңге жұмсады.
«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов есепті кездесудің соңында ұжымның алдына 2018 жылы орындалатын жаңа міндеттерді қойды. Біріншіден және ең бастығы – 5 млн. 250 мың тонна мұнайды өңдеу. Екіншіден, РТ маркалы авиациялық отынның (реактивтік қозғалтқыштар үшін отын) шығарылуын бастау. Үшіншіден, өндірісті пайдалану мәдениетін арттыру, энергия тиімділігін арттыру, отынды тұтынуды оңтайландыру және шығындарды азайту, су ресурстарын үнемдеу және т.б. бағдарламасын жүйелі түрде іске асыру.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның
жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі