ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
22.09.2025
85 просмотров
Мәжіліс депутаттары ПМХЗ-да экологиялық мәселелерді талқылады 2025 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар мұнай-химия зауыты ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің Павлодар облысындағы көшпелі отырысының алаңына айналды. Жиынның басты тақырыбы – «Өңірдің экологиялық қауіпсіздік мәселелері».
Сапарға Комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин бастаған Мәжіліс депутаттары, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерлан Қожықов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен әкімдік өкілдері қатысты.

Қатысушылар зауыттың негізгі өндірістік үдерістерімен танысып, экологиялық жүктемені азайтуға бағытталған шаралар туралы ақпарат алды.
«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Маждай Ахметов кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігін күшейткен техникалық шешімдер мен енгізілген және жоспарланған табиғатты қорғау шараларын таныстырды.

Сапар экологиялық қауіпсіздік саласындағы ашық диалог алаңына айналып, зауыт қызметінің ашықтығын және жауапты табиғат пайдалануға деген ұмтылысын көрсетті.

«ПМХЗ» ЖШС Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Бейнетүсірілім Жеңіс Асылжандыкі, монтажы – Брюховец Михаилдікі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться