«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
2025 жылғы 02 қыркүйекте негізгі қуатқа қол жеткізуге өтініштерді қабылдаудың ақпараттық жүйесі жұмыс істей бастайды. Осыған байланысты, 2025 жылғы 02 қыркүйектен бастап мұнайды өңдеу шарттарын және оған қоса берілетін құжаттарды жасауға өтініш беру, сондай-ақ «ПМХЗ» ЖШС-де өтініштерді қабылдау және мұнайды өңдеу шарттарын жасау бойынша барлық хат алмасу көрсетілген ақпараттық жүйе арқылы тек электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.