«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
14.11.2016
104 просмотров
Александра Шапошникова: «Өмірімде қайғыға орын жоқ» Бүгінде ол сексен бес жасқа келсе де, әлі де энергияға толы және жайдары. Өлеңдер мен қалжың-әзілдерді жатқа айтады

Бүгінде ол сексен бес жасқа келсе де, әлі де энергияға толы және жайдары. Өлеңдер мен қалжың-әзілдерді жатқа айтады. Құлағы мүлдем естімей қалғанына қарамастан, Александра Михайловна адамдармен араласқанды жақсы көреді. 17 жастағы жас қыз Саша Шапошникова Атырау мұнай өңдеу зауытына жұмысқа орналасады. Бұл 1948 жылдың тамыз айы. Жас қыздың балалақ шақ кезеңі қиын болды. Ол Махамбет ауданының Тополя селосында дүниеге келді. Анасы Анфиса Яковлевна 25 жасында өмірден озды. Бухгалтер болып жұмыс істеген әкесі Михаил Васильевичті 1937 жылы сталиндік репрессия зобалаңы кезінде миллиондаған совет азаматтарын сияқты тыңшылық жасады деп айыптап, 10 жылға соттады. Кішкентай Саша мен сіңлісін Любаны ағайы Константин Яковлевич Яшков өз қамқорлығына алды. Бірақ, ол да соғыс басталысымен майданға аттанады. Ұлы Отан соғысынан кейін, 1945 жылы жапондықтармен шайқаста қаза тапты. Апалы-сіңілі Шапошниковалар мүлдем жалғыз қалды, өйткені басқа туыстары да сталиндік режимнің құрбандары болды. Егер 47-ші жылы әкелері түрмеден шықпағанда, олардың тағдырлары қандай болары белгісіз. Ол кезде қыздар Перетаскада тұрып, Тұрғын үй қалашығындағы мектепке барып жүрген еді. Мектеп бітірген соң Александра зауытта жұмыс істеді. Алдымен орталық зауыт лабораториясында сынаманы іріктеуші, одан кейін тауар лабораториясында зертханашы болды.    

    - Біздің жұмысымыз үлкен жауапкершілікті талап ететін. Лабораториямызда барлық шығарылатын өнімге паспорттар жасалатын – дейді Александра Михайловна. – Тауар лабораториясының бастығы Яшкевич болды, одан кейін Борис Иванович Широков келді. Валько да жұмыс істеді. Менің әріптестерім Нина Ивановна Толстова, Лида Шигаева, Рита Шерстянкина. Адал қызмет еттік. Қанша комиссия тексеріп келді, біздің атымызға ешбір наразылық айтылмады. Жұмыста кідірістер болған емес. Қиындықтар баршылық болды, бірақ біз оларды жеңе білдік.

       Мұнда, зауытта Александра Михайловна өзінің болашақ жарымен танысты, екеуі тату-тәтті 50 жылдай өмір сүрді. Лев Григорьевич жас кезінде сымбатты жігіт болатын, атақты Гудри қондырғысында жұмыс істеді. Кейін оны кокс қондырғысына ауыстырды. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиеледі: ұлдары Юрий мен Михаил, қыздары Татьяна. Олар аз да болса, зауытта еңбек етті. Александра Михайловна орталық зауыт лабораториясында 30 жылға жуық жұмыс істеді, еңбек өтілін жалғастыратын еді, бірақ кәсіптік аурумен ауырды. Бір мезетте есту мен иіс сезу қабілеттері нашарлай түскен соң, мүгедектік рәсімдеуге тура келді.   Бүгінде ардагеріміз ештеңе естімейді және иістерді ажырата алмайды. Бірақ Александра Михайловна мұңаймайды.

Көп жылдар бойы суық суға түсумен айналысты. Көзіне операция жасағаннан кейін дәрігерлер тыйым салғанша жыл сайын Шоқыну мерекесінде суық суға шомылатын еді. Александра Михайловнаның тағы да бір сыры бар – ол шөппен емдеуші. Халықтық медицинаның мыңдаған тәсілін біледі. Шөп қайнатпалары көптеген ауруларды емдей алатынына сенімді. Көмек сұрағандарға әрдайым қол ұшын беруге дайын.
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу