«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
28.12.2022
906 просмотров
Павлодар мұнай-химия зауыты – экологиялық қауіпсіздіктің жаңа деңгейі

Соңғы бес жылдың ішінде Павлодар мұнай-химия зауыты қоршаған ортаны қорғау саласына көзделіп-жұмсалған қаражат мөлшері 3 млрд теңгеден асты. 2022 жылдың өзінде ПМХЗ қоршаған ортаны қорғау шараларына 300 миллион теңге бөлді. Өнеркәсіп негізгі өндірістік үрдістермен қатар қызметінің барлық бағыттары бойынша экологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерін тұрақты түрде жоғарылатуға тырысады.

Бүгінгі күні мұнай өндірісінің заманауилығы көбінесе алдыңғы қатарлы технологиялардың қолданылуымен емес, өнеркәсіптің экологиялық дәрежесімен анықталады. Бірінің екіншісіз болуы мүмкін еместігіне қарамастан, қоршаған орта үшін технологиялық қауіпсіздік деңгейі – МӨЗ-дың инновациялылық деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Ғылым, мониторинг және бақылау

ПМХЗ экологиялық көрсеткіштерін жақсартудың ілгерілемелі динамикасы инновациялық технологияларды сәтті енгізуіне және зауыттың экологиялық қауіпсіздікке тұрақты инвестициялауына тікелей байланысты. Павлодар мұнай-химия зауытында «жасыл экономикаға» біртіндеп өту мақсатында бірталай ірі шаралар жүргізіліп келеді. Бұл бағыттың аясында мұнай өңдеушілер қоршаған ортаны ластайтын шығарындыларды автоматты түрде мониторингілеу жүйесін енгізуде. Жаңа құрылғылардың жұмысы экологиялық қауіпсіздікті жоғарылату мен атмосфераның ластануын алдын алу мақсатында шұғыл әрекет етуге бағытталған жаңа технологияларды енгізудің нысаналылығын бағалауды мүмкін ететін тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мұнай өңдеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстары атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты сулардың, топырақтың жағдайын кешенді зерттеуді, радиологиялық бақылауды, сондай-ақ өнеркәсіптің өндірістік қызметінің қоршаған ортаның барлық компоненттеріне ықпалын бақылауды қамтитын өндірістік экологиялық мониторингті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде қоршаған ортаның рұқсат етілген нормативтерінің шектен шықпағаны анықталды.

Атмосфералық ауа

Кез-келген өндірістік өнеркәсіптің басты экологиялық өлшеуіші – қоршаған ортаға шығарындылардың мөлшері. ПМХЗ-да атмосфералық ауаны ластайтын заттар көлемі жылдан жылға тұрақты түрде азайып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде олардың көлемі 1,7 мың тоннаға азайған көрінеді. Өнеркәсіптің шығарынды мөлшерінің азаюы технологиялық пештерді жағылатын мазуттан күкіртті 10 есе аз пайдаланатын пештік отынға ауыстырудың нәтижесінде мүмкін болды.

Сонымен қатар ауаның тазалығы үшін 2 тығыздағыш бекітпе сатып алынды. Олардың біреуі көмірсутектің жоғалып кету мөлшерін төмендету мақсатында ашық мұнай өнімдерін өңдеу өндірісінің резервуарына орнатылды. Жалпы шығын мөлшері 16 миллион теңгені құрады. Экологиялық эффект – көмірсутек шығарындыларының мөлшері жылына 3 тоннаға азайды.

Парниктік газдар да экологиялық жіті бақылауда. 3 жыл бұрын олардың шығарындыларының мөлшері жылына 1,3 миллион тоннаны құрады. Соңғы жылдар ішінде зауытта парниктік газдардың жыл сайынғы шығарылым мөлшерін азайту мақсатында бірталай шаралар жүргізілді. 2022 жылдың 11 айы ішінде олардың мөлшері 878 мың тонна болды, ал шығарындылардың бекітілген квотасына сәйкес бұл көрсеткіш 1 миллион 200 мың тоннадан аспауы керек.

Су ресурстарын оңтайлы қолдану

«ПМХЗ» ЖШС қызметін жүзеге асыру барысында су қолдану мөлшерін азайтуға, су ресурстарын қолдану тиімділігін арттыруға, суды қайта қолдану мен айналымда қолдануды арттыру, ағын сапасын жоғарылатып, табиғи су объектілерін ықпалын төмендетуді көздейді. Осыған орай, су ресурстарын сақтау мақсатында, 2021 жылы өнеркәсіпте №8 градирня жөндеуден өтті. Бұл жылына таза техникалық судың қолданылу мөлшерін 3 мың куб метрге дейін азайтуға мүмкіндік берді. Аталшмыш жұмыстарға 47 миллион теңге бөлінді.

Зауыттан 14 км жерде орналасқан, 1979 жылдан бері қолданылып жүрген Сарымсақ көл-қоймасына зиянды заттардың төгілу мөлшері бірте-бірте азайып келеді. Тазартудың барлық кезеңінен өткен мұнай-химия зауытының ағын сулары бұл қоймаға төгіледі. 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылдың 11 айы ішінде ластағыш заттардың меншікті шығарылымдар мөлшері өңделген мұнайдың 1 тоннасына шаққанда ластағыш зат мөлшері 0,005 кг-ға азайды. Бұл нәтижеге қайта қолданылатын су мөлшерін айналымды сумен қамтамасыз ету блогына, өртке қарсы суқұбырларына және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсау арқылы 63%-ға көтеру арқылы қол жеткізілді.

Қалдықтарды бақылау

Сонымен қатар қызмет көрсету мерзімі біткеннен кейін бұл маңызды объектіні жабу мен қалпына келтіру бойынша жұмыстарға арналған қаражатты жинақтау мақсатында қатты қалдықтар қоймасының тарату қоры қалыптастырылып келеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге байланысты жағдай да дәл сондай. Жылдан жылға олардың мөлшері азайып келеді. 2022 жылдың 11 айы ішінде жинақтағышта 1,1 тонна өндірістік және мұнай-химия зауытының қолданысында болған қалдықтар көмілген. Бұл, айтпақшы, заңнама нормасы бойынша рұқсат етілген көрсеткіштің небары 31%-ын ғана құрайды.

Қалдықтардың басым бөлігін ПМХЗ жай көме салмай, қайта өңдеуден өткізеді. Бұл олардың таратылу қаупін болдырмай, қоршаған ортаға әсерін төмендетеді. 2022 жылдың басынан Flottweg қондырғысында 24 мың тоннадан астам мұнай қоқыры қайта өңделді.

2022 жылдың 11 айы ішінде ПМХЗ 4 мың тоннадан астам қатты мұнайлы қалдықтарды залалсыздандыру мен қайта өңдеу мақсатында арнайы мамандандырылған кәсіпорынға тапсырды.

Зауытта «Жасыл экономика» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Ол ресурстарды үнемдеумен қатар қағаз немесе пластик сияқты қалдықтардың сараланымдық жинастырылуын қамтиды. Бүгінгі күні қалдықтардың 39 түрі анықталған. Олар арнайы контейнерлерге жинастырылып, топтама дайын болған сайын қалдықтарды қайта өңдеу және жоюмен айналысатын арнайы кәсіпорындарға апарылып тапсырылады.

Жобалық қызмет

Жеткен жетістіктерімен тоқтамай, Павлодар мұнай-химия зауытының мамандары бірнеше ірі жобамен жұмыс жасауды жалғастырып келеді. Олардың бірі – ең ірі болып табылатын «ERTIS» жобасы. Оның жалпы құны 5,7 миллиард теңгені құрайды. Ол шығарылатын отын газының құрамында күкіртті қосылыстарының мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін сұйытылған көмірсутек газдарын тазарту қондырғысының құрылысын қамтиды.

Сонымен қатар «ERTIS» жобасына дизель отынын гидротазалау қондырғысын қайта құру да кіреді. Бұл жұмыс шығарылатын өнім құрамында күкіртті қосылыстардың мөлшерін бірнеше есе азайтып, нәтижесінде адам көп жүретін трассадағы ауа сапасын жақсартады.

Сондай-ақ өнеркәсіпте тағы бір маңызды жұмыстар басталды. Зауыттың технологиялық қондырғыларындағы пештерді қайта құру азот оксидтерінің зиянды шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Олар заманауи оттықтармен жабдықталатын болады. Экологиялық эффект - азот оксиді шығарындыларының жылына 218 тоннаға азаюы. Жоба толығымен 2024 жылы аяқталады деп күтілуде.

ПМХЗ жасыл желегі – табиғатпен үйлесімдікте

2019 жылы жасалған «ПМХЗ» ЖШС санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру жобасы 6 жылға есептелген. Көгалдандыру аймағы кәсіпорыннан солтүстік-батыс бағытта Павлодарское ауылына және Ертіс өзені алқабының табиғатты қорғау аймағына қарай орналасқан. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2020 жылы кәсіпорында төрт мыңға жуық екі жасар терек көшеттері отырғызылды. Жалпы егіс көлемі 11 гектардан асты. 2021 жылы көгалдандырудың екінші кезеңі басталды: зауыттың санитарлық-қорғау аймағының жалпы ауданы 21,5 гектарды құрайтын учаскесінде ақ теректің 6680 көшеті отырғызылды. Өсімдіктердің жалпы санынан 4060 көшеті көгалдандыру жобасының аясында, ал 2620-сы өтемдеулік отырғызулардың шеңберінде жүзеге асырылды. 2022 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тапты. Павлодар мұнай-химия зауыты ақ теректің 3269 көшетін және 100 қарағай отырғызды.

Жалпы кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру жобасы аясында жалпы көлемі 64 гектар жерге 17 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Сол себепті бұл жоба 2025 жылға дейін жалғаспақ.

Кәсіпорында маңызды жаһандық экологиялық мәселелерді шешумен қатар мұнай өңдеушілер экологиялық семинарларға, тренингтерге, облыстық және республикалық акцияларға белсенді қатысады.

Кәсіпорын жыл сайын зауыт және сервистік кәсіпорындар қызметкерлерінің балаларына арнап экология тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырады. Биылғы жылы байқаудың тақырыбы «Таза әлем – чистый мир» болды. Жеңімпаздар дәстүрлі түрде «ПМХЗ» ЖШС-ге келіп, марапаттарын қолға алды.

Бұған қоса зауыт жұмысшылары экологиялық семинарлар мен тренингтерге белсене қатысып, қоршаған ортаны сақтаудың жаңа әдістерін үнемі енгізіп отырады.

Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту жолында жасалған зауыт қызметкерлерінің жұмыстары еленбей қалмайды. 2022 жылы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Игорь Оноприенко, басқа да халықаралық ұйымдардың, мұнай, тау-металлургиялық, химиялық және энергетикалық саладағы компаниялардың өкілдерімен бірге Ақтау қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысып келді. Бұл шара барысында экология саласына қосқан үлесі үшін оған салтанатты түрде «Экология саласының үздігі» төс белгісі табыс етілді.

«Қоғамның экологиялық ақпаратқа қолжетімділігі жайлы» БҰҰ Орхусс Конвенциясының талаптарын орындау мақсатында ҚӨӘБ/ҚОҚБ басшысымен бірге жобалық құжаттаманы дайындау және түзету барсында заңнамалық талаптарды ескере отырып, кәсіпорын жергілікті атқарушы органдармен бірге қоғамдық тыңдауларды өткізеді.

Осылайша «ПМХЗ» ЖШС «жасыл» экономиканың әлемдік тенденциясын қолдап, жыл сайын экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты шараларға белсене қатысуды жалғастырып келеді. Кәсіпорын өндірістік қызметтің қоршаған ортаға және халыққа әсерін барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдап келеді.

Үздік қолжетімді технологияларды енгізу

Кәсіпорында ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу аясында сұйытылған мұнай газдарын тазарту қондырғысын салу жоспарлануда. Бұл жоба «Мұнай және газды қайта өңдеу» ҮҚТ жобасының ұсыныстарына сәйкес қарастырылған. Тазарту процесі жеңіл мұнай фракцияларын химиялық тазартуға, яғни оларда бар күкіртті жоюға арналған (меркаптандар түрінде) тиімді каталитикалық процесс болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экологиялық стратегиясы Компаниялар тобында табиғатты қорғау қызметін дамытудың нақты бағдары болып табылады. «ПМХЗ» ЖШС атмосфералық ауаны, су және жер ресурстарын қорғау, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті сақтау және аймақтағы экологиялық тепе-теңдікті ұстау бойынша жоспарларды орындауды жалғастыра отырып, стратегияларын одан әрі жүзеге асыра береді.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу