«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
28.02.2023
577 просмотров
ПМХЗ-да жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің кездесуі өтті

Кездесуді Павлодар мұнайхимия зауытының комплаенс-қызметі бастады.

2023 жылғы 28 ақпанда жалпыға бірдей декларациялау саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінен зауыттың 124 жұмыскері шақырылды. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) тарапынан МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Васильевна Бирюкова сөз сөйледі. Ол жиналғандарға жеке тұлғаның (250.00-нысан) активтері мен міндеттемелері туралы декларация құру қағидалары туралы айтып берді және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның 250.00-нысанын ұсынды. Сондай-ақ Галина Васильевна ПМХЗ ұжымын "E-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығымен СЕН 250.00 беру бөлігінде таныстырды.

Зауыт жұмысшылары декларацияны тапсырудың нюанстарына белсенді қызығушылық танытты, ал МКД өкілі олардан түскен барлық сұрақтарға нақты жауап берді.

Нәтижесінде кездесу барысында ұялы телефондары бар қатысушылары E-Salyq Аzamat қосымшасын жүктеп алып, нақты уақыт режимінде СЕН 250.00 декларациясын тапсыра алды, сондай-ақ 270.00 нысанындағы декларация бойынша кеңес алды.

Анықтама:

Жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялауды енгізу «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» 42-қадамы шеңберінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы Бағдарламасы).

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу салықтық әкімшілендіруді барынша қамтуды жүргізуге және салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Салық кодексінде бұл мәселе 71-тарауда 630-643-баптарда регламенттелген.

Бұған дейін, бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларация табыс етілді:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар және олардың жұбайлары;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына сәйкес декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар. Енді жыл сайын осы санаттағы тұлғалар жыл сайын 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін декларациялау бірінші кезеңге қосылады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын декларациялау.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санатын декларациялау жалғасады.

Декларациялау жүйесіне кірген кезде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы (кіру) декларациясы 250.00 нысанында ұсынылады, онда: жылжымалы және жылжымайтын мүлік, қолма-қол ақша қаражаты және шетелдік банктер бойынша банктік мәліметтер (депозиттер, кредиттер), инвестициялық алтын, бағалы қағаздар, жеке тұлғаның есепті жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша дебиторлық және кредиторлық берешегі көрсетілуі керек. ҚР банктеріндегі мүлік пен ақшалай қаражатты көрсетудің қажеті жоқ, бұл мемлекеттік кірістер органдары қажет болған жағдайда сұрау салулар бойынша тексере алады.

Бұдан басқа жеке тұлға мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, биологиялық активтер түріндегі бірлігі үшін 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлікті көрсетуге құқылы.

Декларацияларды электронды түрде ұсынуға мүдделілік мақсатында декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:

- декларацияны қағаз тасымалдағышта ұсынатындар үшін 15 шілдеге дейін;

- декларацияны электронды түрде ұсынатындар үшін 15 қыркүйекке дейін.

Кейіннен СЕН 250.00 ұсынылғаннан кейін жыл сайын 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылатын болады.

Активтер мен міндеттемелер туралы 250.00 декларациясын беру бойынша салық міндеттемесін орындауды бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 272-бабы 2-1 және 2-2-бөлігінде әкімшілік жауапкершілік көзделген «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну».

Айта кетейік, егер азамат декларацияны тапсырмаса немесе тапсыруды кешіктірсе, онда алдымен ескерту жасалады, ал оны бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін жеке тұлғаларға – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынған болса, онда сізге бірінші рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Павлодар облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыстары басқармасы

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу