«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
08.09.2023
394 просмотров
Сала көшбасшысы. Өңір мен ел тірегі

Павлодар мұнайхимия зауыты 45 жылдығын атап өтуде. Кәсіпорын өз мерейтойлық жылын көлемдер бойынша рекордтық көрсеткіштермен өткізуде.

ПМХЗ – Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі. 2022 жылдың қорытындылары бойынша зауыт 5,48 млн тоннадан астам мұнай өңдеді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көлем. Ұжымның кәсіби жұмысы белгіленген жұмыс ырғағын сақтауға мүмкіндік берді және мерейтойлық жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 3 млн тоннаға жақындады, сондағы өңдеу тереңдігі рекордтық 88,82%-ға жетті.   

Бұл нәтиженің тарихы бүкіл Қазақстан үшін стратегиялық жоба іске асырылған 1971 жылдан басталады. Шекараға жақын тиімді орналасуының арқасында зауыт Батыс Сібір кен орындарынан келген шикізатты өңдеуге ыңғайланып жобаланған. Сонымен, Павлодардағы алғашқы бензин 1978 жылы 14 маусымда алынды, ал 18 қыркүйекте миллиондаған тонна мұнай өңделді.

Қазіргі кезде сапа синониміне айналған зауыттың алғашқы тауар белгісі жеті жылдан кейін тіркелді. Айта келсек, сол 1985 жылы кәсіпорын мұнай өнімдерінің 19 атауын шығарған еді. Сол кезеңде мұнай өңдеу тереңдігі 78%-ға жетті.

ПМХЗ келесі онжылдықта да жоспарлы түрде дамыды. 1990 жылы бұнда АИ-91 бензинін, ал 2001 жылы – АИ-93, АИ-95, АИ-96, АИ-98 жоғары октанды бензиндерді және қатаю температурасы төмен дизель отынын шығаруды игерді.

9 жыл ішінде мұнай қоқырын өңдеу, күкіртті түйіршіктеу, сутек өндіру қондырғылары салынды; заманауи бақылау-өлшеу, диагностикалық аспаптар мен жүйелер сатып алынды. Сонымен қатар, кәсіпорынның тауар зертханасы мен автокөлік паркі толығымен жаңартылды.

2009 жылдың тамыз айында зауыт «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобына кірді. Отандық мұнай өңдеу флагманының дамуындағы жаңа кезең – кәсіпорынды жаңғырту жобасы басталды.

Тұтастай алғанда, Қазақстан экономикасының жоспарлы өсуі тұтыну көлемінің ұлғаюына және отын сапасына қойылатын талаптардың қатаюына байланысты отандық өндірушілерге қойылатын деңгейді жоғарылатты.

К-4 экологиялық кластарының талаптарына сәйкес келетін мотор отындарын өндіру үшін Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жобаның ауқымды жұмыстары 2011 жылдан 2017 жылға дейін жүргізілді.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін ПМХЗ-де 12 технологиялық қондырғы мен 18 жалпы зауыттық шаруашылық объектілері салынды және жаңартылды. Мысалы, төмен октанды мұнай фракцияларынан тауарлық бензиннің жоғары октанды компоненттерін алуға мүмкіндік беретін жаңа изомерлеу қондырғысы іске қосылды. Жаңа күкірт өндіру және құйырлы газдарды тазарту қондырғысының да маңызы зор. Сонымен қатар жаңғырту кезеңінде зауытта жоғары октанды компонентті алу үшін нафта сплиттері қондырғысы пайда болды. Жұмыс істеп тұрған мұнайды бастапқы өңдеу және терең өңдеу кешендері, баяулатып кокстеу қондырғысы жаңартылды.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту, бұдан басқа, басқару жүйелерін автоматтандыруды, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізуді қамтығанын атап өткен жөн.

Флагмандық ұстанымдар

2022 жылдың және 2016 жылдың, соңғысының жаңғырту аяқталар алдындағы қорытындыларын салыстыру атқарылған жұмыстар ашық мұнай өнімдерінің шығарылымын жылына 6,07%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Негізгі нәтиже – шығарылым көлемдерін ұлғайтумен қатар мұнай өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін арттыру. 2017 жылғы қарашада ПМХЗ                     К4 экологиялық класты АИ-92 бензинінің бірінші партиясын алды, ал желтоқсаннан бастап К4 класты дизель отынын өндіруге кірісті. Осы уақыттан бастап мұнда өндірілетін АИ-92, АИ-95 бензиндері мен дизель отыны Еуро-4 халықаралық экологиялық стандартына сәйкес келеді. Сонымен қатар жаңғырту шеңберінде зауытта Jet А-1 авиациялық керосин шығару игерілді.

Бүгінгі күні Еуро-4 халықаралық экологиялық стандартының отынын өндіретін Павлодар мұнайхимия зауыты өзіне лайықты сала көшбасшысы мәртебесіне ие. ПМХЗ үлесі Қазақстанда шығарылатын мұнай өнімдерінің 30%-дан астамын құрайды және отандық отын нарығының тұрақтылығы біздің кәсіпорынның жұмысына байланысты, - деп баса айтты «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов.

Зауыттың теңдестірілген қуаты жылына 6 млн тонна мұнайды құрайды және зауыт мұнай өнімдерінің кең желісін шығарады. Олардың арасында әртүрлі маркалы автомобиль бензиндері, дизель отыны, реактивті отын, көмірсутекті сұйылтылған газдар, техникалық күкірт, бірнеше сортты битумдар, мұнай коксі, пеш отыны, техникалық көміртекті өндіруге арналған шикізат бар.

Жаңғырту мұнай өңдеу нарығының өзекті талаптарын ескере отырып, кәсіпорынның одан әрі өсуі үшін қуатты база құруға мүмкіндік берді. Саланың әлемдік көшбасшыларына ілесу үшін 2020 жылдың соңында ПМХЗ-де Injenerlikortalyq жаңа заманауи инженерлік орталығы ашылды. 2021 жылы Павлодарлық өндіруші Қазақстанда бірінші болып ISO 55001:2014 активтерді басқару менеджментінің халықаралық жүйесін енгізді.

ПМХЗ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның экологиялық басымдықтары Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасының қағидаттарына негізделеді.

Соңғы үш жылда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары 1 760 тоннаға азайды. Бұл майлы газды сұйытуға арналған компрессорлық станцияны іске қосу, сондай-ақ технологиялық пештерді пеш мазутынан пеш отынына ауыстыру арқасында мүмкін болды.

ПМХЗ суды айналыммен жабдықтауға қайтару жолымен су тұтыну және су бұру көлемдерін азайту бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. 2022 жылы Сарымсақ жинақтаушы көліне ластаушы заттардың төгінділері 49 тоннаға азайды, ал тазартылған ағынды суды өндірістік циклге қайтару 67,9%-ға жетті.

Арнайы қондырғыда зауыт өзінің негізгі қалдықтарының көп бөлігін – мұнай қоқырын өздігімен өңдейді, азғантай қалдық мамандандырылған кәсіпорынға залалсыздандыруға беріледі. Зауыт қалдықтарын басқарудың бірыңғай жүйесі шеңберінде 2022 жылы                   31,8 мың тонна мұнайы бар қалдықтар өңделді, сондағы көму үлесі жалпы көлемнің 3,2%-ын ғана құрады.

Кәсіпорынның экологиялық бағдарламасының бір тармағы – жасыл белдеу құру. Зауыттың санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру жобасы шеңберінде жасыл желектердің ауданы 64 гектарға ұлғаяды.                  2025 жылға дейін ПМХЗ 17 мың ағаш отырғызып, оларға күтім жасауды қамтамасыз етеді.

Ұжым – басты құндылық

Ертіс өңірі үшін Павлодар мұнайхимия зауыты қала құраушы кәсіпорын ғана емес. Бұл - ірі салық төлеуші, өңірлік бюджеттің мүмкіншіліктері оның тұрақты жұмысына байланысты болып табылады. Мысалы, 2022 жылы ПМХЗ-дан жергілікті бюджетке салық түсімі 109,5 млрд теңгені құрады, сондықтан зауыт қызметі өңірде берекелі өмір сүру үшін берік негіз болып табылады деп айтуға әбден болады.

- Тарихи тұрғыдан алғанда, ПМХЗ – облыстың ірі жұмыс берушілерінің бірі. Павлодарлықтар мақтанышпен: «Мен ПМХЗ-де жұмыс істеймін!» деп айтады. Кәсіпорын іске қосылған алғашқы күннен бастап бүгінгі күнге дейін мұнда еңбек ету құрметті және беделді болып табылады. Бұл таңқаларлық емес, өйткені ұжым – зауыттың басты құндылығы, ал әлеуметтік саланы дамыту – біздің басты басымдықтарымыздың бірі, - дейді зауыт директоры Қуаныш Бишімов.

Бүгінде ПМХЗ-де шамамен 1 700 адам жұмыс істейді және бұл үйлесімді, кәсіби ұжым.

Мұнда персоналды даярлау мәселелеріне барынша көңіл бөлінеді. Тәлімгерлік пен біліктілікті арттырудың ішкі бағдарламалары бар, жергілікті жоғары оқу орындарымен және колледждермен қарым-қатынас орнатылған, зауытқа даярланған жас мамандардың келуі үшін дуалды оқу бағдарламасы іске асырылады. Барлық сыни және түйінді позицияларға кадрлық резерв қалыптастырылған, бұнда 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 50%-дан асады.

Жыл сайын жұмыскерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, озық тәжірибе мен өндіріс мәдениетін зерделеуге және таратуға қызығушылығын арттыру мақсатында зауытта дарынды кадрларды анықтауға және дамытуға ықпал ететін «Үздік маман», «Үздік технолог», «Үздік технологиялық шешім», «Үздік өнертапқыштық шешім», «Үздік өндіріс», «Үздік бригада» сияқты конкурстар өткізіледі. Сондай-ақ, жұмыскерлер облыстық және республикалық «Еңбек жолы» конкурстарына, «Ертіс дарыны» премиясына белсене қатысады.

Ұжымдық шарт бойынша барлық міндеттемелер, кепілдіктер мен жеңілдіктер толық көлемде іске асырылады.

Қызметкерлер үшін лайықты еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайлары ұйымдастырылған. Персоналды жұмысқа жайлы автобустар жеткізеді. Барлық жұмысшылар сапалы арнайы киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, оларды заман талабына сай ЖҚҚ қамтамасыз ету орталығынан алуға болады. Кәсіпорын жұмыскерлері үшін асханаларда сапалы тамақтану және медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылған.

ПМХЗ тұрғын үй бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда, соның арқасында 11 жыл ішінде 200-ден астам адам өз пәтерлерінің иелері болды. Жаңа қоныстанушылар қатарында әр түрлі ведомстволардың марапаттарымен, корпоративтік айрықшалау белгілерімен көзге түскен жас өндірушілер де, жоғары білікті мамандар да бар.

Жыл сайын ПМХЗ өзінің құрылымдық бөлімшелері арасында спартакиада және басқа да спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізеді. Мысалы, жақында мерейтой аясында зауыт қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері «Ертіс» шаңғы базасында өткен марафонға қатысты.

Зауыт жұмыскерлері республикалық старттарға да қатысып отырады. Өткен жылы ПМХЗ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы командасы құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның спартакиада кубогының иегері атанды.

ПМХЗ Баянауылда әр жазда «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағымен бірлесіп ұйымдастыратын зауытшылардың отбасылық демалысы әлдеқашан дәстүрге айналған.

Осы көп өлшемді тәсілдің арқасында зауыт жұмыскерлерінің әлеуметтік пакеті өңірдегі ең үздіктердің бірі болып табылады.

Жаңа деңгей

Өзінің мерейтойлық жылында ПМХЗ кешенді дамуын жалғастыруда. Зауыт ұжымы, қазірде, жаңа жобалармен жұмысын бастады. Олардың қатарында: кәсіпорынды осы газдың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін екі қондырғы, атап айтқанда сұйылтылған көмірсутекті газдарды тазарту және сутек өндіру қондырғыларын салу, газ сапасын жақсарту, қысқы дизель отынын өндіру және ашық мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту.

ПМХЗ-нің тағы бір жаңа жобасы SENIM-D деп аталады. SENIM-D - бұл мұнайды терең өңдеу өндірісін жаңарту. Алдағы үш жыл ішінде парафинсіздендіру блогін бріктіре отырып, дизель отынын терең тазарту қондырғысы да жаңартылады. Бұл күңгірттену температурасы -28 °С және қатаю температурасы -38 °С болатын сұранысқа ие қысқы дизель отынын алу үшін қажет.

Сонымен қатар, битум өндірісі жаңа пешінің құрылысы аяқталып қалды. «ПМХЗ» ЖШС-де ашық мұнай өнімдерін теміржол цистерналарына құю жүйесін жаңғырту да іске асыру сатысында тұр. 2027 жылға қарай қоршаған ортаға көмірсутектер шығарындыларын болдырмау үшін құю жүйелерін жетілдіру жоспарлануда.

Мұның бәрі отандық нарыққа және шетелдік тұтынушыларға отын мен мұнай өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз етіп, экологиялық қауіпсіздіктің басымдықтарын сақтауға мүмкіндік береді.

Екатерина Бескорсая, «Казахстанская правда» газеті, 2023 жылғы 8 қыркүйек 

https://kazpravda.kz/n/lider-otrasli-opora-regiona-i-strany/

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу