«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
02.11.2023
152 просмотров
ПМХЗ «ҚР-ның 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы» бойынша жиын-кеңес алаңы болды 2023 жылдың 2 қарашасында ПМХЗ «ҚР-ның 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы» жобасын түсіндіру бойынша жиын-кеңес өткізу алаңы болды. Шара ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау бойынша республикалық ғылыми-зерттеу институты және Павлодар қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді. Өзінің 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында президент өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі сияқты еңбек нарығының аса күрделі мәселесіне ерекше мән берді.

Тұжырымдама жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне ықтимал қауіп-қатерлерді қарастыратын тәуекелге негізделген еңбек қауіпсіздігін басқарудың ұлттық жүйесін дамытуға арналған. Мұндай жүйені дамытуға кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың икемді механизмі ықпал етеді. Қазіргі уақытта жағдайларды бағалау екі түрлі тәртіптің аясында жүзеге асырылады: өндірістік объектілерді аттестаттау және кәсіптік тәуекелдерді бағалау. Жаңартылған тұжырымдамаға негізделген кәсіптік тәуекелдерді бағалау әдістемесі өндірістік объектілерді атестаттауды тоқтатып,  бүкіл кәсіпорында интегралды бағалауды қолдануды ұсынады. Бағалаудың жаңа әдістері жұмысшылардың ауруға шалдығу себептерін талдауды, кәсіпорындарда зиянды химиялық заттардың мәліметтер базасын құруды, өндірістік құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзіміне сәйкестігін бағалауды қамтиды. Бұл шаралар кәсіпорындардағы кәсіптік тәуекелдерді барынша тиімді бағалауға, демек, мемлекеттің басты құндылығы – адам өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Семинар спикерлері қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қамтитын бірқатар міндеттерді алға тартты. Оларға сақтандыру механизмі түріндегі кәсіптік тәуекелді төмендету бойынша экономикалық шараларды жетілдіру, бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту кіреді. Сондай-ақ тәуекелге бағдарланған әдіс-тәсілдің негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге еңбек тәуекелдерін бағалауды және оның нәтижелерін енгізуді көздейді.

Тұжырымдаманың барлық бағыттары Қазақстан Республикасында еңбекті қорғауды басқарудың бүкіл ұлттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды өзара байланысты элементтер болып табылады. Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуде оң өзгерістерге жол ашып, кәсіптік тәуекелдерді, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларды азайтуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмыс істейтін халықтың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.

Семинар барысында қауіпсіз еңбек тұжырымдмасымен ПМХЗ-ның 55 қызметкері, сервистік ұйымдар («МегаСтройПлюс», «Тотал Сервис», «ҚМГ-Құмкөл», «AVC GROUP», «Премиум ойл транс», «ЭОН Энерго», «Incom Company», «СЖС Казахстан ЛТД», «Медикер-ӨМ», «Эр Ликид Мұнай Тех Газы», «Семсер-Өрт сөндіруші») мен өңір кәсіпорындарының («Каустик», «Нефтехим LTD компаниясы», «УПНК-ПВ») жұмысшылары танысты.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу