Қаржылық алаяқтық тақырыбы заң бұзушылар алдап-соғудың барған сайын жетілдірілген және күрделі әдістерін қолдануына байланысты екінші жыл қатарынан өзекті болып отыр. Мемлекеттік органдардың белсенді жұмысына және көптеген ескертулерге қарамастан, қазақстандықтар қаржылық алаяқтықтың құрбаны болуды жалғастыруда.
Көбінесе қаржылық алаяқтықтың құрбанына 18 бен 29 жас аралығындағы жастар (23,1%) және 50-63 жас аралығындағы қарт адамдар (24,9%) шалынады. Алаяқтықтың ең көп тараған түрлері интернет «фишингі» (31,5%) және телефон алаяқтықтары (қаскүнемдер адамдармен телефон арқылы байланысады (45,6%)).
Қаржылық пирамидалар мен алаяқтықтан қорғану үшін Жоламан Қиналбеков бюджетіңізді, инвестицияңызды қадағалау және қарыздарды басқару үшін арнайы қосымшалар мен онлайн құралдарды пайдалануға ұсынады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) ресми сайтында
заңсыз әрекеттерде күдіктенетін ұйымдардың кеңейтілген тізімі жарияланған.
«Қаржылық пирамиданың ең танымал белгісі – қысқа мерзімде, әдетте, жылдық 30%-дан бастап, түсініксіз бизнес үлгісімен жоғары табыс алуға уәде беру», - деп атап өтті Қиналбеков Ж.Т. Қазақстандықтардың қаржылық алаяқтық құрбандарына айналуының алдын алу үшін мемлекеттік органдар азаматтарды тәуекелдер мен қорғау әдістері туралы жедел хабардар етуге тырысады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі