«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді қолданысқа енгізу туралы хабарландыру.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС тұтынушыларды 2025 жылғы 1 шілдеден бастап сумен жабдықтау қызметтеріне төмендегі тарифтердің қолданысқа енгізілетіні туралы хабардар етеді:

- тарату желілері бойынша ауыз су беру – 488,66 теңге/м3;

- тарату желілері бойынша техникалық су беру – 127,17 теңге/м3

Тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында сарқынды суды бұру қызметіне тарифті индекстеу әдісімен арттыру бойынша көпшілік тыңдау өткізу туралы хабарландыру.

«Табиғи монополиялар туралы» Заңның 25-бабы 5-тармағы 3-абзацын, 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 639-тармағын орындау мақсатында «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС сарқынды суды бұру реттеліп көрсетілетін қызметіне қуаты аз табиғи монополия субъектісі ретінде 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10:30-да Химкомбинатовская к., 1 мекенжайындағы зауыттың акт залында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында ҚР Ұлттық экономика министрлігі ТМРК 2024 жылғы 18 қазандағы №102-НҚ бұйрығымен айқындалған индекстеуді ескере отырып, сарқынды суды бұру қызметіне тарифті арттыру бойынша көпшілік тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.

Индекстеу әдісімен ауыз су және техникалық су беру қызметтеріне тарифті арттыру бойынша тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдау өткізу туралы хабарландыру.

«Табиғи монополиялар туралы» Заңы 25-бабы 5-тармағының 3-абзацын, 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 639-тармағын орындау мақсатында, реттелетін сумен жабдықтау қызметтеріне қуаты аз табиғи монополия субъектісі ретінде «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 2025 жылғы 30 мамырда сағат 10-30-да Химкомбинатовская көш., 1 мекенжайы бойынша, зауыттың акт залында тұтынушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың алдында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ТМРК 2024 жылғы 18 қазандағы №102-ОД бұйрығымен айқындалған индекстеуді ескере отырып, индекстеу әдісімен ауыз су және техникалық су беру қызметтеріне тарифті арттыру бойынша жария тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша «ПНХЗ» ЖШС реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 2025 жылғы 24 сәуірде сағат 11-00-де Химкомбинатовская көшесі, 1 мекенжайы бойынша зауыттың акт залында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2024 жылғы қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісінің жылу және электр энергиясын беру және тарату, жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну, маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну, коммуналдық қызметтер жөніндегі қызметі туралы есеп береді.

Кірме жолдар қызметтеріне тарифтерді қолданысқа енгізу туралы тұтынушыларды хабардар ету

«ПМХЗ» ЖШС тұтынушыларға «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ-нің 2025 жылғы 13 наурыздағы №20-НҚ және №21-НҚ бұйрықтарына сәйкес «ПМХЗ» ЖШС табиғи монополиялар субъектісі ретінде төмендегі реттелетін қызметтерге тарифтердің 2025 жылғы 01 мамырдан 2026 жылғы 30 сәуірге дейін қолданысқа енгізе отырып бекітілгенін хабарлайды:

- бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну қызметі - 91,94 теңге/вагон-км (ҚҚС-ны қоспағанда);

- бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну қызметі - 173,83 теңге/вагон-сағат (ҚҚС-ны қоспағанда).

Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді қолданысқа енгізу туралы хабарландыру

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС тұтынушыларды 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап сумен жабдықтау қызметтеріне төмендегі тарифтердің қолданысқа енгізілетіні туралы хабардар етеді:

- тарату желілері бойынша ауыз су беру – 466,73 теңге/м3;

- тарату желілері бойынша техникалық су беру – 120,54 теңге/м3

Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді қолданысқа енгізу туралы хабарландыру

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС тұтынушыларды 2024 жылғы 1 шілдеден бастап сумен жабдықтау қызметтеріне төмендегі тарифтердің қолданысқа енгізілетіні туралы хабардар етеді:

- тарату желілері бойынша ауыз су беру - 428,99 теңге/м3;

- тарату желілері бойынша техникалық су беру - 92,08 теңге/м3

2023 жылғы 25 шілдеде «ПМХЗ» ЖШС-нің 2023 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша реттелетін қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы есебінің жария тыңдауларын өткізу туралы хабарландыру

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 2023 жылғы 25 шілдеде сағат 10-30-да Химкомбинатовская көшесі, 1 мекенжайы бойынша зауыттың акт залында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2023 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісінің жылу және электр энергиясын беру және тарату, жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну, маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну, коммуналдық қызметтер жөніндегі қызметі туралы есеп береді.