«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

Ең үздік қолжетімді техникалар: 

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау үшін «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС кешенді экологиялық рұқсат алу жұмысын жүргізеді.
Кешенді экологиялық рұқсат – бұл қолжетімді ең үздік техникаларды қолдана отырып, қоршаған ортаның ластануын кешенді түрде болдырмауға, теріс техногендік әсерді азайтуға және бақылауға бағытталған құжат.
ҚР Экологиялық кодексінің 113-бабына сәйкес ең үздік қолжетімді техникалар (бұдан әрі - ЕҚТ) деп қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің неғұрлым тиімді және озық даму сатысы түсініледі, бұл олардың қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбауға немесе, егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмаса, барынша азайтуға бағытталған технологиялық нормативтер мен өзге де экологиялық шарттарды белгілеуге негіз болу үшін практикалық жарамдылығын куәландырады.
2021 жылы жүргізілген кәсіпорынды бағалау нәтижелері негізінде сараптамалық топ «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС технологиялық үдерістерінің ЕҚТ қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды берді, қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша технологиялық нормативтердің еуропалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін көп ЕҚТ енгізу жағдайы атап өтілді.
Бұл ретте «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қоршаған ортаға әсерді азайтатын техникалар мен іс-шараларды белсенді түрде енгізуді жалғастыруда.
2024 жылдың негізгі іс-шаралары:
- Сумен жабдықтау және кәріз цехының 1 биологиялық тазарту жүйесінен кейін сүзілген ағындар станциясының құрылысы» жобасын іске асыруды аяқтау;
- шығарындылардың негізгі көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін үздіксіз бақылау қамтамасыз етілетін автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу болып табылады.