«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

I санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат: 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №KZ16VCZ03812106 I санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат (бұдан әрі - Экологиялық рұқсат) алды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС үшін 2025-2026 жылдарға арналған экологиялық рұқсатпен төмендегі нормативтер белгіленді:

 

Жыл

Нормативтер, тонна

атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары

«Сарымсақ» жинақтағышына ластаушы заттардың төгінділері

қалдықтарды көму

қалдықтарды жинау

2025

20065,42706

1165,209

1793

69594,82

2026

20065,42706

1165,209

1793

69594,82

Экологиялық рұқсат «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің төмендегі объектілері үшін эмиссиялар нормативтерін, қалдықтарды жинақтау және көму лимиттерін қамтиды:

- мұнайхимия зауыты (өнеркәсіптік алаң);

- қатты қалдықтарды жинақтағыш (полигон);

- «Сарымсақ» ағынды су жинақтағышы;

- кәсіпорын аумағында қызметін жүзеге асыратын сервистік ұйымдар.

Экологиялық рұқсат «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің жоспарланып отырған қызметіне қолданылады:

- МБӨӨ газ компрессорлық қондырғысының ПК-301, ПК-302, ПК-303, ПК-304, ЦК-201, ЦК-301 компрессорларын заманауи автоматтандыру жүйесін енгізу;

БАЖ цехының АКС К-2, К-3, К-4, К-5 компрессорларын ауыстыру; 

МБӨӨ С-100, С-200, С-300, С-400 тұйық контурда коррозиялық белсенділігі
төмен салқындатқыш сұйықтықты пайдалана отырып, сорғы жабдығының салқындату жүйесін өзгерту
;

- №16, №23 және №28 теміржол жолдарын күрделі жөндеу;

- №22 және №22А теміржол жолдарын күрделі жөндеу;

- №26 және №27 теміржол жолдары және №2 теміржол жолын күрделі жөндеу;

- БӨА аспаптарын жаңғырту және «DeltaV» автоматтандыру жүйесін енгізу;

- ЖРЖ орнату арқылы технологиялық ағындарды салқындату жүйесін жаңғырту;

- №5 күкірт өндірісі жабдығының техникалық жағдайын мониторингтеудің
стационарлық жүйесін жарақтандыру;

- 29-3 паркінің Р-1 және Р-2 сұйыққоймаларын қайта жабдықтау;

- мұнайды терең өңдеу өндірісін қайта жаңғырту;

- тауар-шикізат паркінің (ТШП) автоматты өрт дабылдамасы және автоматты өрт сөндіру жүйесін қайта жаңғырту;

-  күкірт өндірісінің С840 күкірт түйіршіктеу қондырғысын қайта жаңғырту; 

- сервистік компаниялар жұмыскерлерінің кіруі/шығуы үшін
бақылау-өткізу пунктін салу; 

- ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі битумды өндіру қондырғысының пешін салу;

- I биологиялық тазарту жүйесінен кейін ағындыларды сүзу станциясын салу; 

- СКГ тазарту қондырғысын салу;

- МБӨӨ (ЛК-6У) және МТӨӨ (КТ-1) ТҮАБЖ техникалық қайта жарақтандыру;

- ЛК-6У және КТ-1 технологиялық пештерін техникалық қайта жарақтандыру; 

- ЭЛТҚ блогының ЭГ-160 электрдегидраторларын техникалық
қайта жарақтандыру;

- шығарындыларды автоматтандырылған  мониторингтеу жүйесін орнату;

МТӨӨ компрессорлық КТ-1 жаңа майлы газ компрессорларын орнату.

2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС үшін белгіленген нормативтердің өзгерісін талдау