«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
Сарыарқа самалы газетінде Бақдатгүл Кенженова туралы: Талпынғанның жолы ашық

6 просмотров
Сарыарқа самалы газетінде Бақдатгүл Кенженова туралы: Талпынғанның жолы ашық Биыл өндірісте қызмет ететін жұмысшылардың еңбегі еленіп, көпшілік техникалық мамандықтарға қызығушылық танытып келеді. Неге десеңіз, ауыр саланы бағындыра білсең, мәртебесі артып келе жатқан қызметтің арқасында зор жетістікке жетуге болады. Павлодар мұнай-химия зауытында тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша жеті жылдай еңбек етіп келе жатқан Бақдатгүл Кенженова қызметімен өндірістегі қоғамдық өмірді қатар алып жүрген белсенді жастардың бірі. 
      Биыл Шымкент қаласында өткен жастар форумына қатысып үлгерген Бақдатгүлдің кәсібіне қызызуғышылығы арта түскен. Тіпті спорт саласын бағындыруға талпынып, спартакиада садақ ату сайысында жүлделі ІІІ-ші орынды иеленген. Сондай-ақ, салауатты өмір салтына өз үлесін қосып, өндіріс атынан өткізілетін экологиялық акцияларға қатысады. Мұнай-химия зауытына алғаш орналасқан кезде алпауыт көлік, ірі жабдық, резервуар және химиялық реакциялар мен мұнай өңдеуді өз көзімен көріп, өндірістің қызу жұмысына бірден кірісті.
 
IMG_0836.JPG

      Бақдатгүл Кенженова мұнай өнімдерін құрастыру және жөнелту өндірісі учаскесі әйел адамға ауыр болғанымен, жазық далада атқаратын қызметі табиғат көрінісімен баурап алатынын айтты. – Еңбек қауіпсіздігін қорғау мамандары жұмыс барысын қадағалап, жабдықтардың жарамдылығын тексерген соң жұмысқа кірісеміз. Өзім еңбек ететін аумақтың көлемі кең. Қысқы уақытта тіпті орман жануарлары – кекілік пен қояндарды кездестіремін. Мұнай саласындағы қызмет жылдан-жылға дамып, күнделікті қолданатын құрылғылар мен жабдықтарымыз да сапалы, заманауи техникалардың бірі.

20_page-0001.jpg

       Бастысы, зауытқа орналасқан кез келген маман еңбек қауіпсіздігін қатаң қадағалаған жөн, – дейді ол. Өндірістің қоғамдық өміріне белсенді араласатын жас маман қыс мезгілінде сноубордингпен айналысып, жаз мезгілінде спорт командаларымен бірге тауға шығып, биік шыңдарды бағындырады.

2U6A0037.JPG

        Әдетте нәзік жандылар атқармайтын қызметтегі еңбекті қорғау инженері мамандығының иесі – Бақдатгүл Кенженованың айтуынша, аталмыш салада техникалық білім мен адам психологиясын біріктіре білген жөн. Олар техникалық шешімдерді қабылдаудан бұрын, қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады. Жас маман алдағы уақытта жетекші жобаларға қатысу мен қатар ауқымды шараларды ұйымдастырып, еңбек қорғау саласын дамытатын онлайн жүйе құрастыруды жоспарлап отыр.

        Автор - Салтанат Ғаббас,
        Сарыарқа самалы, 23 қазан 2025, 20 бет.
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу