«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
"Обозрение недели" газетінде ПМХЗ пластикалық ізді азайтқаны үшін Smart Plastic Zone алтын сертификатына ие болғаны жайында мақала

3 просмотров
 "Обозрение недели" газетінде ПМХЗ пластикалық ізді азайтқаны үшін Smart Plastic Zone алтын сертификатына ие болғаны жайында мақала    Павлодар мұнай-химия зауыты «Smart Plastic Zone» республикалық экологиялық бастамасы аясында «алтын» ерекшелік белгісіне ие болды. ПМХЗ пластик қалдықтарымен ластану деңгейін төмендету мәселесін жүйелі түрде шешіп жатқан кәсіпорындардың бірі ретінде танылды. Өнеркәсіп нысанында қоқыс сұрыпталып қана қоймайды: мұнда қоршаған орта үшін экологиялық жауапкершілік мәдениеті қалыптасуда.
Жоғары баға — лайықты марапат

    ПМХЗ «Smart Plastic Zone» ұлттық экологиялық жобасының «Gold» деңгейіндегі құрметті сертификатына ие болды. Бұл — пластик ізін азайтуды басым бағыттардың бірі деп санайтын жауапты бизнес қауымдастығы. Зауыт 2025 жылы осындай жоғары бағаға ие болған еліміздегі алғашқы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі. Бұл марапатты алуға барлық негіз бар.

05.png


Сұрыпта және тазарт

    Кәсіпорында қалдықтарды басқарудың кешенді бағдарламасы жұмыс істейді, оның ең маңызды құрамдас бөлігі — қалдықтарды бөлек жинау. Өндірістік, әкімшілік және тұрмыстық үй-жайларда қалдықтардың әртүрлі түрлеріне арналған арнайы контейнерлер қойылған. Көпшілік пайдаланатын орындарда таңбаланған қоқыс жәшіктері орнатылған. Бұрын контейнерлер болмаған кеңсе аймақтарында олар инфрақұрылымның жаңаруына қарай кезең-кезеңімен орналастырылуда. Жиналған барлық қалдықтар (қағаз, шыны, металл, пластик) тек лицензиясы бар қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылады. Мердігерлерге жіберілмес бұрын, қалдықтардың тазалығы мен сұрыпталу сапасы тексеріледі. Бұл сұрыпталмаған немесе ластанған материалдардың түсуін болдырмайды және кейінгі өңдеу процесін жеңілдетеді.


Сертификат ПНХЗ_page-0001.jpg

ПЭТ-ке екінші өмір

     Зауытта ПЭТ-бөтелкелер мен ПЭТ-бұйымдарын жинауға арналған бөлек орындар қарастырылған және олардың есебі жүргізіледі:
2021 жыл — 0,47 т
2022 жыл — 8,41 т
2023 жыл — 1,37 т
2024 жыл — 0,75 т
2025 жыл (қазіргі уақытқа дейін) — 0,32 т

IMG_9532.jpg

Корпоративтік мәдениет: болашақ үшін әркім жауапты

      Жүйені ұйымдастыру — жұмыстың бір бөлігі ғана. Қызметкерлердің оның маңыздылығын түсініп, кәсіпорынның экологиялық бастамаларын қолдауы кем түспейді. Экологиялық қауіпсіздік және қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу тақырыбы жұмысқа қабылдау кезіндегі кіріспе нұсқаулыққа енгізілген. Сондай-ақ, бұл мәселе қызметкерлердің біліктілігін арттыру барысында да қарастырылады. Ал қызметкерлердің лауазымдық құжаттарында басшының өкімдерін және қалдықтарды басқару процедуралары сипатталған барлық ішкі регламенттерді орындау міндеттелген. Әрбір қызметкер бұл процедуралармен міндетті түрде танысады. Сонымен қатар, ПМХЗ бір реттік пластиктен кезең-кезеңімен бас тартуда: зауыттың барлық бес асханасында тек көп рет қолданылатын ыдыстар пайдаланылады.

IMG_9545.jpg

Экология — даму стратегиясының бөлшегі

     Зауыт қатты қалдықтарды өз қоймаларына көмуден толық бас тартуға ұмтылуда. Кәсіпорын аумағын және санитарлық-қорғау аймағын абаттандыруға көңіл бөліп, «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығының мүшесі болып табылады. Алынған «Smart Plastic Zone Gold» сертификаты ПМХЗ-дағы экологиялық стандарттардың жай ғана ресмилік емес, күнделікті жұмыстың және кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму стратегиясының ажырамас бөлігі екенін дәлелдейді.

Авторы - Ирина Адылканова, "Обозрение недели" облыстық газеті , 2025 жылғы 28 қараша, 5 бет.
Мақаланы қазақ тіліне аударған - Айнаш Мажит
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу