«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
11.11.2016
97 просмотров
Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры

1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келді. «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша «Қайнар» университетін (Алматы қ.), Халықаралық бизнес академиясын тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілеу докторы (DBA). 

Мұнайды жеткізу және өңдеу, мұнай өнімдерін көтерме-бөлшек сату бойынша ірі коммерциялық құрылымдарды басқарды. 2003 – 2006 жылдары «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2006 – 2008 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай-химия және мұнай өңдеу блогының атқарушы директоры. 2009 жылғы қыркүйекте «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ бас директоры болып тағайындалды.

Шухрат Әбдірашитұлы Данбай – тәжірибелі, жауапты басшы. Оның тікелей басшылығымен кәсіпорынның тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді, мұнай өңдеу мен мұнай өнімдері өндірісінің көлемдері ұлғайтылды. 2009 жылдан бастап ПМХЗ мұнайды өңдеу және өнім шығару жөніндегі өндірістік бағдарламаны жыл сайын табысты орындап келеді. 

Шухрат Әбдірашитұлы басшылық еткен кезең ішінде «ПМХЗ-ны жаңғырту» – ең ауқымды жобаны іске асыру басталды. Оның қатысуымен жұмыс істеп тұрған жабдықтарды реконструкциялау және жаңа қондырғыларды орнату бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр, бұл 2017 жылдың өзінде К4 экологиялық класқа сәйкес келетін мотор отындарын шығаруға мүмкіндік беретін болады.

Өндірістік міндеттемелерді орындаудан басқа, Ш.А. Данбай қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Шухрат Әбдірашитұлы – «Павлодар өңірінің бокс федерациясы» ҚБ мен «Ертіс» хоккей клубының президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі,  Павлодар облыстық мәслихаты V-VI шақырылымдарының депутаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасының құрметті меңгерушісі, мұнай химиясы және мұнай өндіру саласын дамыту жөніндегі халықаралық және республикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдардың қатысушысы. 

«Құрмет» орденімен, «KAZENERGY», «Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу еңбегі үшін» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл», «Зауытқа 35 жыл» мерейтой медальдарымен, «Облыс алдындағы еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған. «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу