«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.11.2016
204 просмотров

Өндіріс ардагері, №1 газ компрессорлық цехының (ЛК-6У) бұрынғы бастығы  

1949 жылы Украинада дүниеге келді. 1968 жылы № 57 Омбы арнайы кәсіптік-техникалық училищесін «компрессорлық қондырғылардың машинисі» мамандығы бойынша бітірді. 

1968 – 1976 жылдары Омбы мұнай өңдеу зауытында компрессорлық қондырғылардың 5-ші дәрежелі машинисі болып жұмыс істеді. 1976 жылғы мамырда салынып жатқан Павлодар мұнай-химия зауытына шақырту бойынша келді, онда 36 жыл бойы еңбек етті. Компрессорлық қондырғылардың 6-шы дәрежелі аға машинисінен бастап, 2000 жылы №1 газ компрессорлық цехының (ЛК-6У) бастығы болып тағайындалды.

«1976 жыл – менің тағдырымдағы және өз өмірлерін біздің зауытпен байланыстырған менің көптеген достарымның тағдырындағы елеулі жыл, - деп есіне түсірді Виталий Иванович. – Кәсіпорындағы жұмыстың алғашқы аптасы құжаттарды зерттеумен, Омбы, Пермь, Уфа және басқа да қалаларындағы кәсіпорындардан күнделікті келетін адамдармен кездесу және танысумен өтті. Негізінен шақырту алғандар – мұнай өңдеу процестерімен етене таныс мамандар келетін. Жұмыс көп болатын, біз жұмыла және шабыттана еңбек еттік. Көп ұзамай өзім бір нәрсені жете түсіндім, бұл зауыт – менің зауытым. Өмір осы аксиоманы дәлелдеді, өйткені жеке жетістіктерім және ауқаттылығым зауыт жұмысына тікелей тәуелді болды және тәуелді болып қалуда. Мұнда өткізген жылдарым қызыққа толы болды. Кәсіпорын өрлеу және құлдырау кезеңдерінен өтті. Зауыттың жеңістері мен жеңілістері – менің жеңістерім мен жеңілістерім. Ең бастысы – біз кез келген режимде төтенше жағдайларсыз жұмыс істеуді үйрендік. Бәріміз бірлесіп, күрделі 90-шы жылдарды басымыздан өткіздік. Қазіргі кезде біздің кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр. Ұжымдағы әріптестер бірге жұмыс істеп қана қоймай, отбасыларымен араласады. Бұл одан сайын жақындастырады. Менің жолым болды деп ойлаймын, осы жылдар ішінде № 1 цехтің ұжымында еңбек еттім: мұнда бәрі басталды, осы қондырғылардың жұмысы үшін барымды салдым. Өз зауытымен және ұжымымен мақтанамын».

В.И. Демчук ІІІ дәрежелі Еңбек Данқы және Октябрь Революциясының ордендерімен, «Зауытқа 30 жыл» және «Павлодар облысына 30 жыл» мерейтой медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу