Өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары – бас инженер
1958 жылы Алтай өлкесінде (Ресей) дүниеге келді. 1981 жылы Алтай политехникалық институтын (Барнаул қ.) «бейорганикалық заттардың технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдады. Жоғары оқу орнынан кейін Барнаулдағы шина зауытында құрастыру цехына жұмысқа қабылданды.
Павлодар мұнай өндіру зауытындағы (қазіргі – мұнай-химия) еңбек жолын 1982 жылы басталды. Азот-оттегі станциясында мастер болып жұмыс істеді. 1986 жылдан бастап – моноэтаноламин регенерациясы мен күкірт алу қондырғысының бастығы. Мұнан соң битум, күкірт, кокс өндіру және мұнай коксын күйдіру цехының алдымен орынбасары, одан кейін – цех бастығы болды. 1999 жылдан бастап – техникалық бөлімнің жетекші инженер-технологы, 2000 жылы – өндірістік қызметтің бастығы. 2002 жылы техникалық директордың орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдан бастап – өндіріс жөніндегі техникалық директордың орынбасары, өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор, өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі бас инженердің орынбасары. 2016 жылдың мамыр айынан бастап өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары – бас инженер.
Бірқатар рационализаторлық ұсыныстардың авторы болып табылады.
Жоғары кәсіби шеберлігі, Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін: «Ерең енбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Зауытқа 30 жыл», «Зауытқа 35 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның құрмет грамотасымен марапатталды.