«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.11.2016
152 просмотров

Өндіріс ардагері, машиналық жабдық жөніндегі бас механиктің бұрынғы орынбасары  

1948 жылы Украинада дүниеге келді. 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық университетін «химия өндірісінің машиналары және аппараттары» мамандығы бойынша тәмамдады. 1972 – 1975 жылдары Омбы мұнай өңдеу зауытында 4-дәрежелі рентгеногаммографияның дефектоскописі болып жұмыс істеді. 

Виктор Иванович – Павлодар мұнай өңдеу зауыты тарихындағы алғашқы шақырылған жұмысшы, ол кәсіпорынға 1975 жылы келген. ПМХЗ-дағы өзінің еңбек жолын 5-дәрежелі рентгеногаммографияның дефектоскописі болып бастады, 1977 жылы 6-шы дәрежені алды. Зауыттың өндірістік объектілерін салу кезінде барлық технологиялық құбырлардың дәнекерлеу жіктерінің сапасын бақылауды орындады. 1989 жылы № 10 сорғы-компрессорлық цехы бөлімшесінің мастері болды. 1994 жылы осы учаскенің бастығы болып тағайындалды. 1997 жылдан бастап – машиналық жабдық жөніндегі бас механиктің орынбасары. Бас механик қызметінің дамуына өзінің сүбелі үлесін қосты. 

ПМХЗ-дағы жалпы еңбек өтілі 36 жылды құрайды. Қазір В.И. Кузнецов зейнеткерлік демалыста болса да, жұмыс істеуді жалғастыруда. Виктор Иванович Павлодар химия-механикалық колледжінде «Компрессорлық қондырғылар және сорғылар» пәнінен сабақ береді, студенттерге, болашақ механиктерге өзінің бай практикалық тәжірибесін жеткізуде. 

Жоғары кәсіби шеберлігі үшін облыс мәслихаты хатшысының алғыс хатымен және «Зауытқа 30 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу