«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
02.12.2016
193 просмотров

«ПМХЗ» ЖШС бас директорының даму және жаңғырту жөніндегі орынбасары

1976 жылы дүниеге келді. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «химик-технолог инженері» мамандығы бойынша бітірді. 

Еңбек жолын 1998 жылы Павлодар мұнай-химия зауытында битум өндіру қондырғысында (ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу кешені) технологиялық қондырғылардың операторы қызметінен бастады. Одан кейін инженер-технолог, техникалық бөлімнің бастығы болып жұмыс істеді. 

2010 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ техникалық саясат департаментінің бас менеджері, мұнай өңдеу мен мұнай химиясын дамыту департаментінің бас менеджері, мұнай өңдеу мен мұнай химиясы активтерін басқару департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

2013 жылы «ПМХЗ» ЖШС күрделі құрылыс пен жаңғырту жөніндегі басқармасының бастығы, одан кейін жобалық және жұмыс құжаттамасының бас маманы, даму және жаңғырту басқармасын техникалық сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директоры, бас директордың даму және жаңғырту жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап – Павлодар мұнай-химия зауыты бас директорының даму және жаңғырту жөніндегі орынбасары. 

«KAZENERGY» медалі және құрмет грамотасымен, «Зауытқа 30 жыл», «Зауытқа 35жыл», «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не 30 жыл», «АМӨЗ-ге 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу