Сергей Иванович Кириллов, өндіріс ардагері, мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) технологиялық қондырғылардың 6-шы разрядтағы бұрынғы операторы
Алтай өлкесінің (Ресей) Рубцовка қаласында 1954 жылы дүниеге келді. 1965 жылы отбасымен Павлодарға көшіп келді. 1973 жылы Павлодар монтаждық техникумын «ғимараттардың санитарлық-техникалық құрылғысы» мамандығы бойынша бітірді.
1973 жылы «Павлодарсантехмонтаж» басқармасында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. 1973-1975 жылдары Кеңес әскерінде борышын өтеді. 1975 жылдың шілде айынан бастап В.И. Ленин атындағы Павлодар трактор зауытында шебер-сантехник болып еңбек етті. Сол жылдың қарашасында Павлодар химия зауытында күрделі құрылыс бөліміне инженер ретінде қабылданды.
1976 жылғы еңбек жолын салынып жатқан Павлодар мұнай өңдеу (қазіргі – мұнай-химия) зауытынан бастады, онда 40 жылдан астам уақыт еңбек етті. 1976-1984 жылдары № 8 цехта (сумен қамту және кәріз) жұмыс жасады: оперативтік ауыстырудың 5-ші разрядтағы слесарь қызметінен бастап, кейін 5-ші разрядтағы желілік құбыр жолшы, айналма сумен қамту блогының учаске бастығы, мұнай ұстауды дайындау учаскесінің бастығы, мұнай ұстауды дайындау және айналма су учаскесінің 2-ші санаттағы аға шебер, мұнай ұстауды дайындау және айналма су учаскесінің 1-ші санаттағы шебер, одан соң мұнай ұстау цехы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
1985 жылдан бастап сутегі өндірісі қондырғысында (СӨҚ) № 3 технологиялық цехта (КТ-1) технологиялық қондырғылардың 6-шы разрядтағы операторы болды. 1997 жылдан бастап - № 3 цехтың 001 секциясының т/қ операторы (мазутты вакуумдық айдау, гудрон висбрекингі қондырғысы). 2008 жылы жаңа СӨҚ-ға т/қ операторы болып ауысты. Әріптестерінің айтуы бойынша, Сергей Кирилловтың жоғары кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесі жаңа СӨҚ-тың іске қосу-реттеу жұмыстарына және оны технологиялық режимге шығару кезінде өз пайдасын тигізді.
С. И. Кириллов құрамында сутегі бар шикізаттық газды салқындату жөніндегі технологиялық шешімді СӨҚ-қа енгізу кезінде елеулі үлесін қосты. Осы идеяны іске асыру қондырғының жұмысына жемісті әсер етіп, шығарылатын өнім компоненттерінің шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.
Сергей Кириллов өзінің бай практикалық тәжірибесін ізін жалғастырушыларына үйретіп, сауатты мамандардың лайықты буынын тәрбиелеп шықты.
Жоғары кәсіби шеберлігі үшін С. И. Кириллов ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 100 жыл» естелік төс белгісімен, Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «зауытқа 30 жыл» және «зауытқа 35 жыл» мерейтой медальдарымен марапатталды.