Баршамызға мәлім болғандай, құстар экожүйе тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады: олар тұқымдардың таралуына қатысады, жәндіктердің санын реттейді және айналамызды көріктендіріп, жандандырады. Алайда қалалар мен елді мекендерде құстарға табиғи мекендер мен ұя салатын орындар жетіспейді, сол себепті көптеген құстар өз мекендерін тастауға мәжбүр болуда.
Қанатты достарымызға көмек көрсету мақсатында табиғатты қорғауға бағытталған игі бастамалардың бірі - ПМХЗ қызметкерлері қала мектептері мен балалар мекемелеріне құстарға арнап, ұялар орнатты. Құс үйлері көктем мезгілінде құстарға ұя салып, балапан шығару үшін қауіпсіз орын табуға мүмкіндік береді. Аталған экологиялық акция «Құстарға баспана» деп аталды.
Бұл акцияны өткізу үшін арнайы құс ұяларын «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ ұсынды. Ұяларды алғаннан кейін ПМХЗ «ҚМГ» еншілес ұйымдары арасында өткізілген «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Жасыл даму» челленджіне қатысты.
Экологиялық акция ПМХЗ-да шамамен бір айға созылды.

— Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы,
— «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ММ ;
— Павлодар қаласының № 39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі,
— Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі;
— Павлодар қаласының №41 дене шынықтыру–сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі,
— Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі,
— «Солнышко» балабақшасы.

ПМХЗ жұмыскерлері зауыттың санитарлық аймағына 6 дана құс ұяларын ілді. Зауытшылар үшін бұл бастама қоршаған ортаға қамқорлық — бүгіннен бастап, тіпті өндіріс орнында да жасауға болатын шағын болса да маңызды істердің айқын үлгісіне айналды.
ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Сурет және қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметімен ұсынылды