«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
29.05.2020
164 просмотров
ПМХЗ-де зейнеткер-өндіріс ардагерлері марапатталды.

2020 жылғы 27 мамырда Павлодар мұнайхимия зауытында төрт зейнеткер –өндіріс ардагерлері марапатталды.

Бұл марапатталғандардың еңбегін кәсіпорында ғана тану емес, сонымен бірге «Мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметі. Қауымдастық 2019 жылғы 21 маусымында құрылды. Оны құрудың мақсаты азаматтардың мұнай-газ саласын дамыту, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, мұнай-газ саласының ардагерлеріне қолдау көрсету, патриоттық тәрбие беру және басқаларды ұйымдастыру және үйлестіру болды.

Қоғамдық ұйымның республиканың тоғыз облысында: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында бөлімшелері бар.

«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов осы ардагерлер ұйымының Павлодар облысындағы филиалын басқарды.

«ПМХЗ» ЖШС бас директорының қолынан және "Мұнай-газ кешені ардагерлері қауымдастығының" қолдауымен келесі зейнеткер-өндіріс ардагерлер: Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған медальдарды алды:

2U6A5725.JPG

*Татьяна Николаевна Горяинова, мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу кешенінің тауар операторы болып жұмыс істеген, ПМХЗ -дегі жұмыс өтілі - 35 жыл;

*Тамара Владимировна Копотилова, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу кешенінің тауар операторы болып жұмыс істеген, ПМХЗ -дегі жұмыс өтілі - 32 жыл;

*Нина Алексеевна Кунцевич, мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу кешенінің тауар операторы болып жұмыс істеген, ПМХЗ -дегі жұмыс өтілі - 33 жыл;

*Константин Клементьевич Малойло, мұнайды терең өңдеу өндірісінің компрессорлық қондырғыар машинисі болып жұмыс істеген, ПМХЗ -дегі жұмыс өтілі - 36 жыл;

Медальдар мен жылы құттықтаулардан басқа, ардагерлерге азық-түлік пакеттері табысталды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімi

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу