«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
05.06.2020
271 просмотров
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ПМХЗ бірнеше экоакция өткізді

Дәстүр бойынша 5 маусымда - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді. Биыл ПМХЗ осы күнді кәсіпорынның өндірістік алаңдарын көгалдандыруға арнады және «Экологияны жақсарту идеялары» тақырыбына конкурс жариялады.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылы әлемнің 23-тен астам елінен келген ғалымдар мен мәдени қайраткерлердің қоршаған орта проблемаларына, табиғи жер қойнауын ұтымды пайдалану мен адамдардың жауапкершілігіне ерекше назар аудару мақсатында өткізілген манифесінің нәтижесінде ұйымдастырылды деп саналады.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 2020 жылы осы күнге орай бірқатар іс-шаралар өткізді.

Ең алдымен ПМХЗ-ның өнеркәсіптік алаңында: мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің тұрмыстық блоктарының, №19 әкімшілік тұрмыстық блогінің маңында, сондай-ақ №15 авто жол бойында 100 ағаш егілді. Ағаштарды егу жұмыстарын «Дендро» ЖШС мердігерлік ұйымы орындады. Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығының жұмыскерлері іс-шараны белсенді қолдады және оған құлшына қатысты.

Келесі ұйымдастырылған іс-шара - еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті ұйымдастырған кәсіпорын және сервистік компания жұмыскерлерінің балалары арасындағы конкурс болды. Оған берілген тапсырмада балалар қаламыздағы атмосфераны қалай жақсартуға болатындығы туралы, Павлодардың жасыл белдеуі мен денсаулығымызды сақтау туралы ойлар айтуға шақырылды.

Каролина Балюк.jpg

Екатерина Гнускина .jpg

Илья Мамурин .jpg

ОООС 2.jpg

Балалар экология тақырыбына эссе мен тұсаукесерлер дайындады, түрлі-түсті суреттер мен коллаждар жасады. Жас буынның қойылған міндетке үлкен жауапкершілікпен қарағаны қуантатын жай. Мәселен, Каролина Балюк өзінің баяндамасында ауа баптағыштың қоршаған ортаға әсерін зерттеді. София Скиба зауытта биологиялық тазарту қондырғыларын жаңартуды ұсынды, ал Екатерина Гнускина мен Илья Мамурин эко-идеяларын сурет түрінде ұсынды.

Конкурстың барлық қатысушылары кәсіпорын әкімшілігі мен «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу