Конкурс салық тәртібінің жоғары деңгейін көрсететін, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын және Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін ұйымдарды анықтауға және көтермелеуге бағытталды, сонымен қатар кәсіпорындардың әлеуметтік белсенділігі және халық үшін жұмыс орындарын құруға қатысуды көздейді.
Жеңімпаздар ақпараттық жүйелер мен ашық көздердегі деректерді талдау негізінде іріктелді. Төмендегі көрсеткіштерге баса назар аударылды:
• салықтық және бухгалтерлік есептілікті уақытылы және толық беру;
• бюджет пен мемлекеттік қорлар алдында берешектің болмауы;
• салық заңнамасының талаптарын сақтау;
• салық жүктемесінің салалық орташа мәндерге сәйкестігі;
• әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысу және өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту.
ПМХЗ Қазақстан Республикасының өркендеуіне және мемлекеттік бюджетті толықтыруға қосқан үлесі, сондай-ақ 2024 жылдың қорытындылары бойынша «Мониторингтегі ірі салық төлеуші» номинациясы бойынша салық міндеттемелерін үздік орындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Кәсіпорын үлгі болатын салық тәртібін көрсетті, заңнаманы бұзуға жол бермеді, кәсіпорынның міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ және қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын тұрақты түрде қамтамасыз етеді.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы 13 қарашада Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өтті. Жеңімпаздарға құрмет дипломдарын департамент басшысы Ержан Тоқтарханов табыс етті. Ол кәсіпорындардың өңір экономикасын дамытуға және адал салық салу мәдениетін нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
«
Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі, Павлодар облысының МКД ақпараты бойынша
Суретке түсірген Мадина Қайырбаева