«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
03.12.2025
12 просмотров
Жарқын із.Павлодар мұнай өңдеу зауытының бірінші директоры Виктор Брендес дүниеден озды Виктор Исаевич 91 жасқа таяған шағында дүниеден өтті.

Виктор Исаевич 91 жасқа таяған шағында дүниеден өтті. Аты аңызға айналған мұнай өңдеуші ПМХЗ-мен тығыз байланыста болды. Зауытты салу мен іске қосудың жауапты кезеңі – оның өмірінің ең жарқын бөлігі болғанын айтқан еді.

Ол 1934 жылы 17 желтоқсанда украинаның Шепетовка қаласында дүниеге келді. Куйбышев индустриалды институтын «мұнай және газ өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша үздік бітірді. Виктор Исаевич бүкіл өмірін мұнай өңдеу саласына арнап, технологиялық қондырғылар операторынан зауыт директорына дейінгі еңбек жолын өткерді. Осы адамның арқасында Павлодар Ертіс өңірінде жаңа бірегей кәсіпорын пайда болды.

1971 ж. Болашақ мұнай өңдеу зауытының алаңы

1971 жылы 14 мамырда Виктор Брендес Павлодар МӨЗ директоры болып тағайындалды.1971-1978 жылдары жаңа кәсіпорын салуға жауапты болды.

1978 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 1981 жылға дейін басқарған еліміздің жұмыс істеп тұрған зауыттарының қатарына қосылған ПМӨЗ-нің бірінші директоры болды. Оның басшылығымен 1978 жылы зауыттың бірінші кезектегі жылына 6 млн. тонна мұнай өңдеу қуаты бар ЛК-6У мұнайды бастапқы өңдеу кешені, сонымен қатар күкірт өндіру қондырғысы пайдалануға берілді.

1973 ж. ЛК6-У

 

Бір жылдан кейін күкірт пен битум өндіру қондырғылары іске қосылды. Виктор Брендестің көмегімен кәсіпорынға жоғары білікті мамандар тартылды. Ол инженерлік-техникалық корпус құрып, бас инженер А.Н. Белоусовпен бірге павлодарлық мұнай өңдеушілердің бірегей кәсіби ұжымын құрды. Зауыттан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарында жұмыс істеп, мұнай өңдеу өнеркәсібіне жетекшілік етті. Ол Үкіметтің «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ ҚР Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» №001 медалімен және 2019 жылы «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Виктор Исаевич Брендес 2025 жылы 29 қарашада Алматы қаласында дүниеден қайтты.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

В.И. Брендес архивінен фото

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу