«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
04.12.2025
6 просмотров
Энергетика вице-министрі ПМХЗ-ға жұмыс сапарымен келді Санжар Жаркешов зауыттың өндірістік үдерістерімен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысты.

2025 жылғы 2 желтоқсанда энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында өңірдің негізгі өнеркәсіптік нысандарын аралауды Павлодар мұнайхимия зауытынан бастады. Министрлік өкілдері зауыттың бас директоры Маждай Ахметовпен бірге зауыттың өндірістік алаңдарын және диспетчерлік пунктін аралады.

Зауыт жоспарлы режимде жұмыс жасап, мұнай өнімдерін өндіру бойынша қойылған міндеттерін орындауда. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша автобензинінің нақты өндірісі 1,4 млн тоннадан асты, оның ішінде:

• АИ-92 — 1 017 738 т;

• АИ-95 — 459 967 т;

• АИ-98 — 22 331 т.

Мұнайды өңдеу тереңдігі 93,8%, ал ашық мұнай өнімдерінің шығымы 74,2% деңгейінде. Зауыттың өндірістік көрсеткіштер бойынша оң даму динамикасы байқалады.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото- Анна Гронская

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу