Кәсіпорын қызметкерлері «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС-не (ЭЛМТГ) тиесілі сутек өндіру қондырғысындағы апатты жою дағдыларын пысықтады.
Сценарий бойынша сутекті өндіру және тазарту қондырғысында күрделі жағдай орын алды: құбыр эстакадасындағы жұмыс істеп тұрған газды бензин құбырының герметизациясы бұзылып, одан кейін жану болды. Технологиялық персонал «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС-нің апатты жою жоспарына сәйкес әрекет етіп, СӨТЖ қондырғысы қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіруді, жабдықтарды өртті сөндіруге дайындау мақсатында электр қуатынан ажыратуды, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды тоқтатуды жүзеге асырды.

Өз кезегінде «ПМХЗ» ЖШС диспетчерлері шартты өрт туралы зауыттың өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметін, «Семсер – Өрт Сөндіруші» ЖШС мен «Медикер – өндірістік медицина» ЖШС-ні жедел түрде хабардар етті. «ПМХЗ» ЖШС-нің технологиялық процестері жағдайға сәйкес жұмыс режиміне шартты түрде ауыстырылды.
Апаттық-құтқару қызметтері СӨТЖ қондырғысына келіп, жұмыстарды белгіленген уақытта аяқтады.
