«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
09.12.2025
10 просмотров
ПМХЗ жас мамандарға креативті іс-шара ұйымдастырды

Командалар сахнада көпшілікке танымал КТК форматында өнер көрсетті. Шығармашылық кездесу жуырда жұмысқа орналасқан қызметкерлерді мұнай өңдеушілер қатарына қабылдау дәстүрімен жалғасты.

«ПМХЗ» ЖШС әртүрлі бөлімшелерінің жас мамандары өз мүмкіншіліктерін тек жұмыс орнында ғана емес, сахнада да көрсете білді. Олар шығармашылық қабілеттеріне жол ашып, өздерінің таланттарын КТК-да танытты.

Бұл бастаманы зауыт басшылығы қолдап, Жастар істері жөніндегі кеңес ұйымдастырды. Командалар екі ай бойы көрермендер мен қазылар алқасының алдында өнер көрсетуге дайындалды. Таңдалған КТК импровизация жанрының күрделілігі - алдын-ала жазылған сценарий мен реквизиттердің болмауында. Сондықтан әзіл-оспақ сезімі ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен және залмен өзара іс-ірекеттесу – өте маңызды.

Іс-шараның басында "ПМХЗ" ЖШС бас директоры Маждай Ахметов сөз сөйледі.

 

- Жастардың мұнай өңдеуші болғысы келетініне өте қуаныштымын. Кәсіпорын қызметкерлерінің негізгі құрамы - 35 жасқа дейінгі адамдар. Болашақта бұл адамдар мұнай өңдеу драйвері болады, – Сіздер ПМХЗ табалдырығын аттап өткен күнді міндетті түрде есте сақтайсыздар. Сіздерді білім шыңын бағындырып, білмегенді сұрап үйренуге шақырамын. Сіздердің колледж немесе университет негізінде алған білімдеріңіз – бұл негіз, дегенмен одан әрі күнделікті тәжірибені жалғастырған және де білімді жаңадан толықтырып отырған жөн. Мен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, білімге деген құлшыныстарыңыздан көздеріңіз оттай жансын – деді, Маждай Ахметов.

Қатысушылардың өнерлерін қазылар алқасының мүшелері ПМХЗ персоналды басқару бөлімінің бастығы Гүлнәр Еспаева, персоналды басқару бөлімінің жетекші маманы Майя Даутова, сондай-ақ Астананың импровизациялық қозғалысының резиденті Виктория Шелепова бағалады. Көрермендер де ұнаған командаларға өз ұпайларын берді.

Іс-шара жаңадан келгендердің беттеріне символикалық сипатта мұнайды жаға отырып, жаңадан келгендерді мұнай өңдеушілер қатарына қабылдауға бағытталған маңызды дәстүрмен аяқталды.
 
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Максат Адам, Анна Гронская

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу