«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
09.12.2025
14 просмотров
Мұнай өңдеушілер Қазақстан халқының тілдерін білу конкурсында өз білімдерін тексерді Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы бойынша іс-шаралар кезеңі «Тіл - халықтың жаны» квиз-конкурсымен аяқталды. Квиз-конкурс Қазақстан халқының тілдері күніне орай  ПМХЗ Оқу орталығында өтті.
Конкурстың да, мерекенің де мақсаты - Республикамызда тұратын барлық этностардың тілдеріне құрмет көрсету. 


Интеллектуалды викторина үш кезеңде өтті және де интерактивті тапсырмаларды қамтыды. Викторина барысында қатысушылар тілді білу дәрежесіне сүйене отырып, дұрыс жауаптарды болжады, бұл ретте смартфондарды пайдалануға тыйым салынды. Барлық қатысушылар бес адамнан тұратын төрт командаға бөлінді. 


Бірінші тапсырмада берілген уақыт ішінде парақтарға «Рахмет» сөзінің әр түрлі тілдердегі нұсқаларын жазу керек болды. Ең көп дұрыс жауап берген команда жеңді. 
Екінші кезең – «Мақал-мәтелді біліп ал». LED-экранға Қазақстан халқының әр түрлі тілдерінде мақал-мәтелдер шығарылды. Мақал-мәтелдің дұрыс мағынасын орыс тілінде айту қажет болды. Егер аударманың мағынасы дұрыс болмаса, ойын келесі команда мүшелерімен жалғасты.


«Ұлттық калейдоскоп» конкурсында экранға ұлттық тағамдар, құралдар мен костюмдер шығарылды, олардың атауларын табу керек болды.
«Тіл – халықтың жаны» атты квизге метрологиялық қамтамасыз ету бөлімінің, БӨАжәнеА және ЖҚМЦ цехының, мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің, энергиямен жабдықтау департаментінің қызметкерлері, SGS қызметкерлері қатысты.



Алена мен Роман Тимошко, Марина Карабовская, Руслан Асабаев және Әйгерім Садықова құрамындағы «Жүз» («Сто») командасы жеңімпаз атанды. Квиздің соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды. 

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Е.Лобашевская және А.Гребенкина
 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу