«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
10.12.2025
9 просмотров
ПМХЗ зауыт жұмыскерлері: аспапшылар

«Сіздерді Павлодар мұнайхимия зауытының негізгі мамандықтарымен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі таңда техниканың нағыз «дәрігерлері» — бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика мамандары- аспапшылар біздің назарда.

Енді елестетіп көрейік, зауыт- тірі ағза. Оның жүйке жүйесін мыңдаған бергіштер, есептегіштер мен бақылағыштар құрайды. Олар температураны, қысымды, сұйықтық деңгейін және басқа параметрлерді бақылайды, содан кейін ақпаратты басқару панеліне жібереді.   
Аспапшылардың негізгі міндеті-бұл «жүйке жүйесінің» өмірлік белсенділігін сақтауда.  Олар барлық құрылғылардың біркелкі және ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Енді олардың қызметіне не кіреді:
— Диагностика. Бергіштердің көрсеткіштерінің нақты болуын қадағалап отырады.  
—Баптау. Аспаптардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. 
— Жөндеу.  Жұмыстағы ақаулықтарды тез тауып, жояды. 
— Қызмет көрсету. Олар жабдықты тазалап, жоспарлы тексерулер жүргізеді.
Ақаулық пайда болса, цех жұмысы тоқтатып немесе қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Аспапшылар жабдықты жөндеп қана қоймайды, олар технологиялық процестің тұрақтылығына жауапты болады. Мамандар өндірістің заманауи жұмыс жасауында маңызды рөл атқарады. Аспапшы болу үшін өндірістік профильге сәйкес келетін техникалық немесе кәсіби білім алу қажет. Павлодар қаласындағы білім беру ұйымдарын алатын болсақ:
— С.Торайғыров атындағы университетінің «Аспап жасау» факультетінің техника және технология бакалавры;
— Павлодар химия-механикалық колледжінде— «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» техник-аспапшы мамандығы.
 Қорытындылай келе, бұл кәсіп техникалық білімді, зейінділік пен жауапкершілікті біріктіріп, оны зауыттағы ең маңызды мамандықтардың біріне айналдыратыны сөзсіз.

«ПМХЗ» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 
Фото — Екатерина Лобашевская

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу