ПМХЗ-ның жұмыскерлерімен парамедицина саласындағы халықаралық сарапшы маңызды білімдерімен бөлісті.
ПМХЗ Персоналды оқыту және дамыту бөлімінің Оқу орталығы кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерінен 500 қызметкерге арналған тренинг ұйымдастырды. Нұсқаушы — алғашқы медициналық көмек бойынша халықаралық сарапшы Арман Нұрдәулетов.

Мұнай өңдеушілерден құралған 25 топ өмірге қажетті дағдыларды «Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі» ШЖҚ КМК базасында меңгерді. Әр топтың тренингі бір күнге созылды: таңертең қатысушылар теориялық білім алса, түстен кейін тәжірибелік сабақтарға кірісті.
Арман Нұрдәулетов алғашқы көмек көрсетудің ретін қатаң сақтау маңызды екенін атап өтті, олар:
• болған жағдайды бағалау,
• зардап шегушіні тексеру,
• қауіпті жою,
• жедел қызметті шақыру,
• құтқару шараларын бастау.

Тәжірибе барысында қатысушылар манекендерде жүрек-өкпе реанимациясын жасап, медициналық білімі жоқ адамдар да қолдана алатын автоматты сыртқы дефибрилляторды пайдалануды үйренді. Сондай-ақ, олар қан кету, жарақаттар мен күйіктер кезінде шиналарды және таңғыштарды дұрыс қолдану тәсілдерін меңгерді.

Барлық қатысушылар «Алғашқы көмек көрсету» бағдарламасы бойынша оқыту курсын аяқтағаны туралы сертификаттармен марапатталды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Екатерина Лобашевская