С. Торайғыров атындағы университеттің студенттері зауыттың өндірістік алаңдарын аралап, мұнай өңдеу негіздерімен танысты.
ПМХЗ «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Электроэнергетика» мамандықтарында білім алатын студенттеріне шолу экскурсиясын өткізді.

Іс-шараға 20 студент пен үш оқытушы қатысты. Қатысушылар технологиялық қондырғыларды өз көздерімен көріп, ПМХЗ мұражайында болды.

Оқу орталығының мамандары қолданылатын жабдықтар, қауіпсіздік стандарттары, инновациялық үдерістері мен саланың даму келешегі туралы жан-жақты баяндап берді. Сонымен қатар олар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті, болашақ жоғары білікті кадрларды даярлау үшін кәсіпорын мен жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
ПМХЗ түрлі оқу орындарының студенттеріне тұрақты түрде шолу экскурсияларын ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандарға теориялық білімді нақты өндірістік тәжірибемен байланыстырып, болашақ жұмыс орнын таңдауға көмектеседі.
