ЖМЦ сервистік цехтарды дамыту бағдарламасы бойынша техникалық жарақтандыру үдерісін жүргізуде. Ағымдағы жылы «HBM-130 C» сандық бағдарламалық басқарылатын көлбеу-кеулейжону білдегі және «СПР-3060» сандық бағдарламалық басқарылатын табақшалы металды плазмалық пішу білдегі пайдалануға берілді.
СББ көлбеу-кеулейжону білдегі диаметрі 1600 мм-ге дейінгі бөлшектерді өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа плазмалық кесу аппараты қалыңдығы 100 мм-ге дейін көміртекті болатты, қалыңдығы 70 мм-ге дейін тот баспайтын болатты кесуге жарамды.
Мұндай жаңарту өзіндік құнын төмендетуге, өндіріс уақытын қысқартуға және өндірілетін өнім желісін, соның ішінде диаметрі 1400 мм дейін жылу алмастырғыш аппараттардың құбыр байламдарын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Плазмалық кесу аппараты
ЖМЦ-ны техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта төрт білікті табақ иетін білдекті жеткізуге шарт жасалды. Сонымен қатар қажетті шағын механикаландыру құралдары, құрал-саймандар мен шығын материалдары сатып алынады.

ПНХЗ жөндеу-техникалық цехін жаңарту жұмыстары жалғасуда
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — ЖМЦ