2013 жылдан бастап Павлодар мұнайхимия зауыты энергия тиімділігін арттыру бағытын жүйелі түрде дамытып келеді. Осы мақсатта мұнай өңдеушілер әртүрлі құралдарды қолданады: энергия аудиттерін жүргізу және олардың деректерін талдау, энергия үнемдеу бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ әрбір өндірістік учаскеде энергия ресурстарын тұтынуды қысқартуға бағытталған нақты шараларды іске асыру.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бері ПНХЗ Атырау мұнай өңдеу зауытымен (АНПЗ) және «ПетроКазахстан Ойл Продактс» (ПКОП) бірлесе отырып, «Solomon» компаниясымен ынтымақтастық орнатқан. Консалтингтік компания КМГ-ға қарасты үш мұнай өңдеу зауыты үшін отын зерттеулерін жүргізіп, өндірістік тиімділікті арттыруға және операциялық жақсартуларға бағытталған PEP (*Performance Excellence Process) жобаларын жүзеге асырып келеді.
Бұл жолы семинарға Қазақстан Республикасындағы үш мұнай өңдеу зауытының техникалық, өндірістік-экономикалық бөлімшелері мен еңбекті нормалау бөлімдерінің 15 маманы қатысты. Оқу үдерісіне жетекші және аға инженер-технологтар, энергия тиімділігі жөніндегі инженерлер, техникалық бөлімшелердің мамандары мен басшылары, өндірісті талдау және жоспарлау жөніндегі экономистер, сондай-ақ еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу саласының мамандары тартылды.
Оқу курсы барысында мұнай өңдеушілер Solomon компаниясының салыстырмалы топтар бойынша жүргізілген зерттеулері мен деректерді талдау нәтижелерін мұнай өңдеу зауыттарының күнделікті қызметінде қолданудың тәжірибелік дағдыларын меңгерді. Кәсіпорындар қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі бағыттары ретінде персоналдың тартылу деңгейі, операциялық шығындар, өнім шығымы, көмірсутек шығындары, энергетика көрсеткіштері және технологиялық параметрлер қарастырылды.
Семинардың жүргізушісі — ТМД және Түркия өңірлері бойынша бизнесті дамыту және консалтинг жөніндегі директор, химия ғылымдарының кандидаты Иван Томашевский «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-қа қарасты мұнай өңдеу зауыттары мамандарының жоғары деңгейдегі белсенділігін атап өтіп, алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар оң кері байланыс білдірді.
Анықтама:
HSB Solomon Associates LLC (Solomon Associates®) — энергетика және мұнай-газ саласында жұмыс істейтін халықаралық аналитикалық компания. Компания өзінің операциялық деректер базасы мен саланың үздік тәжірибелеріне сүйене отырып, кәсіпорындардың өндірістік тиімділігі мен сенімділігін арттыруға көмектеседі. Solomon Associates салыстырмалы зерттеулер жүргізіп, кәсіпорындардың қызметін жетілдіруге арналған резервтерді анықтай отырып, консалтингтік қызметтер көрсетеді. Компания The Hartford Steam Boiler Inspection and Insurance Company (HSB) тобына кіреді және бас кеңсесі Даллас қаласында орналасқан, АҚШ-та, Еуропада, Таяу Шығыста және Азияда кеңселері бар, әлемнің 80-ге жуық елінде қызмет атқарады.
ТОО «ПМХЗ» жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Solomon Associates LLC ұсынған ақпарат негізінде