Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі «Бу өндірісі» қондырғысында цех қызметкерінің кенеттен денсаулығы нашарлады. Сол сәтте қасында болған технологиялық қондырғылар операторы Сергей Аверьянов жағдайды дереу бақылауға алды. Ол әріптестеріне медициналық көмекті шақыру және басшылықты хабардар ету жөнінде нақты тапсырмалар беріп, өзі алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетіп, дәрігерлер келгенге дейін зардап шеккен қызметкердің жағдайын тұрақтандырды.
Оқиға сол кезде аса қауіпті болмаса да, технологиялық нысандарда орын алатын мұндай жағдайлар қызметкердің денсаулығына да, өндірістің қауіпсіздігіне де әлеуетті қауіп төндіреді. Сергей Аверьяновтың уақтылы әрі кәсіби әрекеттері потенциалды жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Сергей Аверьянов әріптестерімен
Сергей Аверьянов зауытта 2001 жылдан бері 5-разрядты технологиялық қондырғылар операторы болып еңбек етеді. Оның көпжылдық адал еңбегі мемлекеттік және корпоративтік марапаттармен, соның ішінде Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен және мерейтойлық медальдармен атап өтілген.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жүйелі оқыту әріптесімізге қажетті сәтте сенімді әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік берді.
Зауыт басшылығы мен ұжымы Сергей Аверьяновқа қырағылығы, жауапкершілігі және сауатты әрекеттері үшін алғыс білдіреді. Бұл қасиеттер өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қосылған маңызды үлес болып табылады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Айнаш Мажит