«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
23.12.2025
1 просмотров
Жаңа экстрактор ПМХЗ-дағы жылу алмастырғыштарды жөндеу үдерісін оңтайландырады ПМХЗ жөндеу-құрылыс-монтаждау цехын (ЖҚМЦ) дамыту бағдарламасы шеңберінде құбыр байламдарының заманауи экстракторын сатып алды. Жаңа жабдық жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқартып, өндірістік ысыраптардың тәуекелін төмендетеді.
Құбыр байламдары - бұл қаптамақұбырлы жылу алмастырғыштардың ішкі бөлігі. Түтіктердің жиынтығын білдіреді. Олардың ішінде заттың бір ағыны, ал сыртында басқа, анағұрлым суық немесе ыстық заттар ағыны өтеді. Температурадағы айырмашылыққа байланысты жылу алмасады. Бұл шикізат пен мұнай өнімдерін қыздыру мен салқындату кезінде ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Уақыт өте келе жылу алмастырғыштарда мұнай-химия заттарының шөгінділері жинақталады. Жабдықтың жылу беру тиімділігін қалпына келтіру үшін жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кезеңінде құбыр байламдары қаптамақұбырлы жылу алмастырғыштардан алынады және тазартылады. 
Дәл осы міндеттерді шешу мақсатында құбыр байламы экстракторы сатып алынды. Ол байламдарды қауіпсіз орнатуға және қаптамақұбырлы жылу алмастырғыштардан алуға арналған. Экстракторды енгізудің нәтижесінде бөлшектеу және монтаждау үдерістері автоматтандырылады, жөндеу жұмыстарының мерзімі қысқарады. Жаңа жабдықтың маңызды сипаттамасы - технологиялық кешендердің шағын орналасу жағдайында  тиімділігі. Бұл түтіктерге, корпустың өзіне немесе дәнекерленген қосылыстарға зақым келтірмеуге, олардың тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.

Осы заманауи жабдықты сатып алу – энергия тиімділігіне бағытталған инвестиция, ал оны пайдалану жұмыс қауіпсіздігі және өндірістік ысыраптарды төмендету кепілі болып табылады. 

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 
Фото ЖҚМЦ ұсынды

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу