«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
15.07.2020
154 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауыты Павлодар қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына оттегі станциясын орнатты.

ПМХЗ басшылығы Павлодар облысы әкімдігі жанындағы Павлодар облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар №3 қалалық ауруханасы" ҚМК (ЖМЖА) ЖМЖА -да емделіп жатқан коронавируспен ауырған науқастарды сауықтыру үшін жағдай жасауға көмек көрсету туралы ұсыныспен шықты.

Қазіргі уақытта қала мен облыстың барлық медициналық мекемелері жұмысының мақсаты адамдардың өмірін сақтау, емдеу жағдайларын жақсарту және пациенттердің өмір сапасын жақсарту болып табылады.

Медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру дәрігерлердің кәсіби шеберлігімен үйлесуі қазіргі күнде және әрқашан маңызды рөл атқарады.

ЖМКА-дегі елу төсектік орынды оттегімен қамтамасыз ету үшін «ПМХЗ» ЖШС медициналық мекемеге оттегі баллондарын орнататын орны бар қосымша станция жасау және оны монтаждауға қатысты көмегін ұсынды. Станция - табиғи желдеткіші бар металл үйшік, ол оттегі сыйымдылығын сақтау және пайдалану кезінде өте маңызды.

Оттегі сауыттын сақтауға және толтыруға арналған арнайы алаңға 30 баллон қоюға болады. Бұл жағдайда 15 қондырғы жұмыс істейді (оларды рампаға қосқанда) және 15 камера резервте сақталады. Оттегі баллондары «ПМХЗ» ЖШС-де куәландырудан   және   тексеруден өткізіліп, ЖМЖА тегін берілді.

Оттегі станциясын монтаждау жұмыстары қысқа мерзімде «ПМХЗ» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау жөніндегі бас маман Сергей Панфиловтың жетекшілігімен жүзеге асырылды. Монтаждау жұмыстары ЖМЖА басшылығымен келісіліп, жүргізілді, жобалау жұмыстары жүргізілген жоқ. Дегенмен, станция барлық ерекшеліктерді ескере отырып және пайдаланудың барлық нормативтік қағидалары сақтала отырып, орнатылады. Құбырды монтаждау және тарту 3 күнде аяқталды, жақын арада оттегі жеткізуге арналған редуктор және түтік орнатылады.

Станцияның қаңқасы ПМХЗ сервистік компаниясы - «Тотал-Сервис» ЖШС жасады, коллекторлық рампаны орнату, құбырларды тарту жұмыстарын «IQS Engineering» ЖШС («IQ-SOLUTIONS» ЖШС Павлодар филиалы) жүргізді.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу