«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
30.12.2025
15 просмотров
ПМХЗ серіктес кәсіпорындармен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді Бірлескен жаттығулар құтқару қызметтері мен өнеркәсіптік нысандардың персоналы нақты төтенше жағдайларға әрдайым дайын болуы үшін тұрақты түрде өткізіледі. Павлодар мұнайхимия зауыты «Компания Нефтехим LTD» ЖШС және «INTERTRANS C.A.» ЖШС-мен бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты.
Сценарийге сәйкес, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС аумағында метанолды қабылдау учаскесінде резервуардың ысырмасы герметикалығын жоғалтты. Бұл жарылыс қаупі бар улы бұлттың пайда болуына және № 2 блок шегінде өрттің шығуына әкелді.

Шартты төтенше жағдай туралы хабар алғаннан кейін авариялық-құтқару қызметтері мен зауыт персоналы әрекет ету және іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады. Арнайы комиссия олардың орындалуын «жақсы» деп бағалады.
Сондай-ақ, ПМХЗ және «INTERTRANS C.A.» ЖШС күштерімен теміржол эстакадасы учаскесіндегі өртті сөндіру бойынша бірлескен қарсы авариялық жаттығу өткізілді. Оқу дабылы жоспарына сәйкес № 2 жолда вагон-цистернада өрт шықты. «INTERTRANS C.A.» компаниясының персоналы жағдай туралы жауапты тұлғаларға және екі кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметтеріне дер кезінде хабарлады. Сұйытылған көмірсутекті газдарды беру және құю-қотару жұмыстары тоқтатылып, қауіп аймағына кіретін учаскелерден қызметкерлер эвакуацияланды.

«Семсер – Өрт Сөндіруші» ЖШС кәсіби өртке қарсы және газдан құтқару қызметінің, сондай-ақ «Медикер – өнеркәсіптік медицина» ЖШС мамандары оқу-жаттығу кезіндегі шартты төтенше жағдай орнына жедел келіп, оны жоюға және салдарын алдын алуға қатысты. Оқу іс-шарасының қорытындысы бойынша комиссия қатысушылардың әрекеттерін 4 баллға бағалады.
2025 жылы ПМХЗ мамандандырылған қызметтері төрт бірлескен оқу-жаттығуға қатысты.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу