Осылайша, «Телецентр» бағдарламасының тікелей эфирінің кейіпкері техникалық бөлім бастығының сапа жөніндегі орынбасары, инженер-технолог Марина Санникова болды. Ол кәсіпорында 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның кәсіби қызметі Құрмет грамотасымен және KAZENERGY медалімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен, сондай-ақ 2025 жылы Құрмет тақтасына енгізілгені туралы куәлікпен марапатталған. Әріптесіміз заманауи мұнай өңдеу өндірісіндегі инженерлік шешімдердің маңыздылығына тоқталды.
Телесюжеттің келесі қатысушысы 5-разрядты компрессорлық қондырғыларының машинисі Бауыржан Искаков. Ол компрессорлық жабдықтың жұмысы туралы айтып, оның сенімді пайдаланылуы технологиялық циклдің үздіксіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Бауыржан Сәкенұлы ПМХЗ-да 9 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, зауыттың кадрлық резервіне енгізілген, «Үздік маман» корпоративтік кәсіби шеберлік байқауларында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған.
Сондай-ақ бағдарламаға 5-разрядты технологиялық сорғылар машинисі Ерлан Тамемов қатысты. Эфир барысында ол өз мамандығының ерекшелігі, жабдықтардың ағындары мен параметрлерін басқару мен бақылаудың маңыздылығы жөнінде баяндады. Ерлан Болатұлы зауытымызда 8 жылдан астам еңбек етеді. Әріптесіміз — үш баланың әкесі, кәсіпорынның қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Ол — Қазақстан Республикасының бокстың спорт шебері, халықаралық жарыстың бірінде қола жүлдегері және бірнеше рет ҚР Чемпионатының қатысушысы. Бос уақытында жаттығып, жас спортшыларға қолдау көрсетеді.
ПМХЗ қызметкерлерінің медиажобаларға қатысуы өндірістік мамандықтардың тәжірибелік қырлары мен нағыз мамандар кәсіпорынның тұрақты әрі қауіпсіз жұмысына қосқан үлесін көрсетеді.
Бағдарламагың толық видеосы сілтеме бойынша -
https://youtu.be/a08e2Tw1fRs
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі