«ПМХЗ» ЖШС Бас директорының Жаңа 2026 жыл құттықтауы
31.12.2025
12 просмотров
Құрметті әріптестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Өткен жыл біздің зауыт үшін белсенді жұмыстар, жаңа жобалар мен маңызды жетістіктер жылы болды.
Мұның бәрі сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіз бен ортақ іске деген адалдықтарыңыздың арқасында мүмкін болды.
Алдағы 2026 жыл әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық пен ертеңгі күнге деген сенімділік әкелсін. Жаңа және берекелі көкжиектер ашылып, барлық бастамаларыңызда сәттілік қатар жүрсін. Біз бірге компаниямыздың болашағын құрамыз және сала мен елдің дамуына үлес қосамыз. Жаңа жылда бізді мақтан тұтатын жаңа жеңістер мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін.
Сізге және Сіздің жақындарыңызға бақыт, бейбітшілік пен игілік тілеймін!
Құрметпен,
«ПМХЗ» ЖШС бас директоры
Маждай Ахметов