Жыл қорытындысы бойынша «ПМХЗ-ның үздік өндірісі» атағы Павел Музыка жетекшілік ететін Ашық мұнай өнімдері өндірісіне (АМӨ) берілді. Бағалау барысында өндірістік бағдарламаның орындалуы, технологиялық режимдердің сақталуы, энергия тиімділігі көрсеткіштері, апаттарды жою жоспары бойынша жаттығулардың нәтижелері, сондай-ақ өрт және газ қауіпсіздігі саласында бұзушылықтардың болмауы ескерілді.
«ПМХЗ-ның үздік бригадасы» деп Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ) күкіртті мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының №1 бригадасы (100-секция) танылды.
МБӨ өндірісінің С-100 қондырғысы №1 бригадасының құрамы:
Анатолий Олегович Демидов, 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.
Мурат Исатаевич Кусаинов, 5-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.
Денис Валентинович Крахалёв, 5-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.
Андрей Сергеевич Митин, 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.
Роман Сергеевич Богдашин, 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.
Оразбай Саматович Исабеков, 5-разрядты технологиялық сорғылар машинисі.
Саят Тулегенович Кабылдинов, 5-разрядты технологиялық сорғылар машинисі.
Технологиялық қондырғылар аға операторы Анатолий Демидовтың жетекшілігіндегі бригада өндірістік тапсырмаларды тұрақты орындағаны, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтағаны, сондай-ақ персоналдың үйлесімді әрекеті үшін үздік деп танылды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото: Айнаш Мажит