2025 жылы зауытта бейнеаналитика жүйесі енгізіліп, барлық бөлімшелерде энергия көздерін оқшаулау LOTO жүйесі қолданысқа алынды, шамамен 400 қызметкер арнайы оқу полигонында тәжірибелік оқытудан өтті.
Марапаттау рәсімін ПМХЗ бас директорының орынбасары – техникалық директор Сергей Петрук өткізді. «Үздік бақылаушы “Үздік Қорғау картасы”» номинациясының жеңімпазы болып С-300 қондырғысы бастығының орынбасары Арыстан Түлеуов танылды.
«Үздік парамедик» номинациясында оператор Сергей Аверьянов марапатталды.
Стандартты емес жағдайларда жедел әрекет еткені үшін Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ) қондырғыларының бастықтары Сергазы Қожахметов, Олжас Сейтмуханбетов және Павел Семёнов марапатталды.
Ал Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі бойынша үздік инженер аталымы Занида Құдайгелдиноваға берілді.
Бөлімше басшылары арасында Бу-ауамен жабдықтау цехы (БАЖ) учаскесінің бастығы Ерлан Дүйсенбаев пен Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) учаскесінің бастығы Бахтыбай Сүлейменов жеңімпаз атанды. «Үздік цех» номинациясында бірінші орынды Бу-ауа жабдықтау цехы (бастығы — Азамат Бекеев) иеленді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Гран-при мен «АМАН» ауыспалы кубогын Жандос Өтемісов басқаратын Мұнай өнімдерін компаундтау және тиеу-отгрузка өндірісі алды.
Байқау қорытындылары ПМХЗ-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін одан әрі дамыту үшін пайдаланылатын болады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото: Айнаш Мажит