«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
31.12.2025
1 просмотр
ПМХЗ сервистік компаниялардың кәсіпорынның тұрақты жұмысына қосқан үлесін атап өтті «ПМХЗ» ЖШС өндірістік тұрақтылығы медицина, күзет, тамақтандыру және техникалық қызмет көрсету салаларында сапалы аутсорсингті қамтамасыз ететін мердігерлік ұйымдардың тиімді жұмысымен де байланысты. «ПМХЗ» ЖШС Бас директоры Маждай Ахметов зауыт нысандарында қызметін жалғастырып жатқан сервистік компаниялардың мамандарын Алғыс хаттармен марапаттады.
Көпжылдық еңбегі мен сапалы жұмысы үшін келесі ұйымдардың қызметкерлері марапатталды:

Алмагүл Ақұлова және Майра Әбді («СЖС Қазақстан ЛТД» ИК ЖШС);
Анна Козлова және Дмитрий Рязанов («ҚМГ Құмкөл» ЖШС);
Юрий Падалко және Талғат Рамазанов («Күзет-Павлодар» ЖШС);
Жұлдыз Рысмағамбетов және Қайырбек Қойшыбаев («Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС);
Оксана Санитарова және Елена Тиманова («ПродМастер ПВ» ЖШС);
Азамат Асқаров және Бауыржан Смағұлов («Тотал Сервис» ЖШС);
Владимир Малыхин және Елена Рящикова («Медикер» ЖШС).




«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото: Айнаш Мажит
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу