«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
05.01.2026
15 просмотров
ПМХЗ-да рационализаторлық ұсыныстар авторларын марапатталды Павлодар мұнай химия зауытының (ПМХЗ) Инновациялық комитеті 2025 жылғы қызметкерлер бастамаларын қорытындылады. Бағдарламасы аясында кәсіпорын қызметкерлерінің 24 ұсынысы талқыланды, олардың 14-і рационализаторлық мәртебеге ие болып, өндіріске енгізуге ұсынылды.
Бұл жобалар технологиялық процестерді оңтайландыруға, энергия тиімділігін арттыруға және кәсіпорынның операциялық шығындарын азайтуға бағытталған.


Өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары – бас инженер Ренат Саликов ең тиімді жобалардың авторларына рационализатор куәліктерін тапсырды.



Жылдың негізгі бастамалары:
· Андрей Белоусов – электр энергиясы шығындарын азайту;
· Олжас Сейтмуханбетов – П-101 және П-102 пештеріне отын газын беруді оңтайландыру;
· Юрий Мигуля – битум өндірісін жаңғырту;
· Иманхан Гасанов – ағынды суларды тасымалдау;
· Якобс Сергеевс – виртуалды талдағыштарды енгізу бойынша болды.


Сондай-ақ марапатталғандар:
· Рахат Сапаров – МДЭА абсорберлерінің технологиялық жағдайын мониторингілеу ұсынысы үшін;
· Сергей Шубников – баяу кокстеу қондырғысындағы тұтылған мұнай өнімін өңдеуге тарту бастамасы үшін;
· Сабыржан Аубакиров – баяу кокстеу қондырғысында 24 сағаттық кокстеу циклына көшу жобасы үшін.




«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото: Айнаш Мажит

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу