«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
15.08.2020
133 просмотров
ПМХЗ зауыт жұмыскерлерін  Баянауылға демалуға жіберуді қайта бастады.

Зауыт пен кәсіподақтың жеңілдік жолдамалары бойынша Баянауылдағы демалыс 2020 жылғы 14 тамызда басталады және аймақтағы ауа-райы мен эпидемиялық жағдай мүмкіндік бергенше жалғасады.

Карантин жеңілдетілгеннен кейін зауыт жұмыскерлері 2020 жылғы 14-18 тамыз аралығында ашылған Баянауылдағы «Самал» және «Сұлтан» демалыс үйлеріне жеке көліктерімен бара алады.

2020 жылғы 19 тамыздан бастап ұлттық қорғалатын аймақта демалғысы келетіндерге «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» жалға алған автобустармен жіберіледі.

Жұмыскерлер мен олардың отбасыларына Баянауылда зауыттың және кәсіподақтың жәрдемақысы бар жолдамалармен демалу кезеңінің аяқталуын өңірдегі ауа-райы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай белгілейді.

Ұлттық саябаққа тасымалдау кезінде санитарлық режимді сақтау үшін кейбір шарттар сақталады.

Біріншіден, автобусқа отыр алдында жолаушылардың температурасы өлшенеді, екіншіден, демалушыларды көлікке бір-бірінен қашықтықта отырғызылады (автобустардың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс). Үшіншіден, адамдардың сапар кезінде бетперде де болуы тиіс.

Сонымен қатар, жолаушыларға тыныс алу жолдары ауруларының таралуын болдырмау үшін алдын-алу шаралары ескерілетін демалыс қағидалары туралы жаднама таратылады.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу